11 жастағы қыз: Әкемізбен тұрғымыз келеді. Анам туыстарымен бірге үшеумізді күнде сабайды (видео)

Сейсенбі, 3 Қазан , 2017 18:46

Алматы облысында мектеп оқушысы әпкесі мен інісін туған аналарынан құтқарғысы келетінін айтып Stan.kz  сайтына хабарласты. Қарақаттың сөзіне сенсек ата-анасы ажырасқан 5 жылдың ішінде көрмеген қиындықтары қалмапты.

Мектеп жасындағы балалар әкесі алиментті айсайын кешіктірмей төлеп отырған. Бірақ, ол ақшадан өздеріне тіпті тәтті тамақ та бұйырмайды екен.

«Мен Қарасай ауданының сотынан көмек сұрағым келіп отыр. Мектеп жасында болсам да тұрмысымыздағы қиындық мені ерте есейтті. Үйде анамның бізді қалай аш қалдырғанын, араққа масайып алып бізді соққыға жығатын нағашы апамның,әпкемнің қылықтарын сотта айттым. Әкемізбен қалғымыз келеді дегенде үйде бізді қинайтындар тіптен көбейіп кетті.

«Әкелерің сендерді әжеңе қалдырып, өзі үйленіп алады. Сендерді өгей аналарың ұратын болады» деп қорқытты. Біз өз атамыз бен,өз әжеміздің тәрбиесін алғымыз келеді. Мына жерде тұру мүмкін емес. Анам құрбыларымен көп қыдырып кетеді.

Өз әкемді бізге жамандайды. Атамды-әжемді  жаман жағынан жиі айтады. Үйімізде жейтін зат болмай қалады. Оқу басталғалы біраз болды, бізде әлі дәптер жоқ»,-дейді 11 жастағы Қарақат.

Қарақаттың 13 жасар Сабина есімді әпкесі мен 9 жасар Дәулет деген інісі де бар. Мектеп оқушысының сөзінше анасы тамақ пісіріп, жұмыс істеп, жоқтарын тауып берудің орнына тәуіп,емші аралағанды жақсы көреді екен.

«Анам үнемі оқытылып жүреді. Неге олай  істейсіз десем «емші жұмыс тауып береді, жолымыз ашылады» дейді. Қолымызға қызыл жіп байлап қойды. Шешкізбейді. Оқытылған суды ішкізеді.

Алманың ішін екіге бөліп, жазу жазып, оның шірігенін күтеді. Емші мен бақсының осындай тапсырмалары көп. Мамам солардың бәрін орындап жүреді, одан қалса біздің де орындауымызды талап қылады. Соңғы күндері күнде бізді соққының асына алатын болып жүр.

Соттан бізді әкеміздің қарауына беруді жалынып тұрып сұраймын. Өтініш сізге барлық дәлелдерді бердім гой, созбақтамай әжеміздің үйіне жіберіңізші»,-дейді Қарақат Советханова Stan.kz журналистері арқылы Қарасай ауданының сотына да өтінішін айтты.

Қыздардың ағасы (әкесінің інісі) Аян Советхан балалардың сөзін тыңдап жүрегі ауырғанын жасыра алмады. Істің жылдам қаралып, бауырларының өз ата-анасының қарауына өтуін қалайтынын да ашық айтты.

«Ағам мемлекеттік қызметте. Ол алиментін үнемі кешіктірмей төлеп отырды. Балалар соққыға жығылып, аш қалатындары жайлы  соңғы жылдары жиі айтатын болды. Әрине балалардың анасымен болғаны дұрыс. Бірақ жағдай мынандай болып тұрса қиын екен.

Сабина мен Қарақатты нағашы әпкесі мен әжесіүй қызметшісі сияқты жұмысқа салады екен. Үнемі аш жүреміз дейді. Сондықтан ел болып балаларға жағдай жасасақ деймін.

Сотта балалар әкесінің қарауына өтсін деген үкім шықса екен. Болмаса заңгерлер араласып,  қыздардың құқығы қорғалса екен тілегім бар дейді» Қарақаттың  ағасы Аян Советхан.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда полиция капитаны майордың өзін ұрып-соғып, балағаттап кеткенін айтты

«Кетерде анамды қатты құшақтады»: Туыстары қостанайлық жігіттің өлер алдында қалай қоштасқанын айтты

Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ

Қазақстанда ер адамдардың жартысы жыныстық жолмен таралатын жұқпалы ауруларға шалдыққан

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар