Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Басты жаңалықтар
11 жастағы қыз адамдікіндей тісі бар балық аулап алды
АҚШ-тың Оклахома штатының тұрғыны Кеннеди Смит балық аулауға барған. Осы кезде оның қармағына ерекше балық түсіпті. Себебі балықтың тісі адамдікіндей болған.
Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Анықталғандай, балық мутант емес, бөрібалық тектес балықтардың өкілі саналатын паку тұқымынан болып шықты. Бұл балықтың ұзындығы 88 сантиметрге, ал салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ал 11 жасар қыздың қармағына түскен балық мұншалықты үлкен емес.
Паку балығының ерекшелігі, тісі адамның тісі тәрізді болып келеді.
«Мен балықты аулап алған кезде шошып кеттім. Бәрінен бұрын оның тістерінен қорықтым. Олар адамның тісіне ұқсайды. Жалпы, балықтардың тісінің өзі қорқынышты көрінеді. Алайда ол мен тістеп алған жоқ», – дейді Кеннеди Смит.
Мамандардың болжамына, бастапқыда балықты үйде асырау үшін сатып алған. Алайда ол өсіп кеткеннен кейін, еркіндікке жіберген.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған