Мектеп қабырғасында миллионер болған қазақстандықтың құпиясы

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 12:21

24 жастағы табыскер Арман Тоқсанбаев өзгелердің көмек қолын созып, қолдау көрсетпеуін жетістігінің басты құпиясы деп біледі.

8xuap23pNBE

Бұл туралы Blogpoint.kz сайтында берген сұхбатында баяндады.

«Алғаш кәсіпкерлікті  бастаған адам мұндай кәсіптің ондағанын ашып көруі тиіс. Бұл тек оның пайдасына болмақ. Клиенттерінің саны аз болып, серіктестері әріптестікен бас тартып, шығынға ұшырап, ата-анасы үйден қуып, қалтасында көк тиын қалмаса да, мұның барлығы жетістікке жетуге ынталандырады. Ата-анасы мен туыстары сияқты қолдау-қорғаны бар адамдар аштықты сезінбейінше, жанкешті тіршілік кешіп, табаны тілінгенше жұмыс істемейді», – дейді жігіт.

Арман он бірінші сыныпта оқып жүріп-ақ небары үш ай ішінде миллион теңге жинаған. 13 жасында бірқатар қарағандылық мектептердің компьютерлерін жөндеп, алғаш ақшаның дәмін сезінген жас кәсіпкер мектеп бітірмей жатып қаланың ірі деген әмбебап дүкендерінің бірінен кеңсе техникасын сату және жөндеу бөлімшесін ашады. Осылайша ата-анасынан асыра табыс тауып, ақшаның буы мен ол сыйлайтын еркіндіктің рахатын сезінеді.

«Егер біреудің қолынан келсе, ол істі мен де жасай аламын. Дәл осы ой мені алға жетелеп, жігер отын жандырады. Әлденеге қызыққанда күн-түн демей тек сол іспен шұғылданып, шаршағанымды сезбеймін. Нақты жүйем де бар. Жобаны іске асырып, операциялық сұрақтарды шешу үшін білікті басқарушы тағайындаймын да, өзім тек істің стратегиялық дамуымен айналысамын. Таяу күндері 300-ден астам компаниясы бар ирандық миллиардер жайлы мақала оқыған едім. Мұншама фирманы басқарып отырып, өзі де шатасып қалатын шығар», – деген ойымен бөлісті Арман Тоқсанбаев.

Арман – құрғақ сөздің емес, нақты істің адамы. Қазір бизнес бойынша серіктесі Айбек Есеновпен бірге уақытының басым бөлігін «Отан патриоты» отандық сағат брендіне арнауда. Бір жыл бұрын ғана google translate арқылы жазылған бума-бума хаттарды түрлі сағат фабрикаларына жіберген. Оның алғашқы серіктесті АҚШ-та қазақстандықтар ашқан Miami Watch Company болды.

vRCuZVSqwhQjZgoad6wE5hqhoX_JYLGW

Мақсаты жүзеге аспайтындай көргенімен, қазақстандық сағаттарды жасап шығару шынайы өмірде көрініс тапты. Арманның компаниясында ай сайын кем дегенде 25 дана сағат сатылады. Ғаламат дүниелердің бәрі қатаң сынға ұшырап, соның арқасында өз биігіне жетуі заңдылық. Бұл ретте «Отан патриоты»да қалыс қалмады.

«Менің тарапыма айтылып жатқан сындар көп. Адамдардағы патриоттық сезімді бизнеске айналдырып, сағаттың да бағасын аспандатып отыр екенмін («Отан патриоты» сағаттары 110 мыңнан 325 мың теңгеге дейін бағаланады). Шыны керек, кей кездері осы сыңайлы сөздерге қатты ашуланамын. Не себепті адамдар біреудің бастаған ісіне қуанып, тілеулес бола алмайды? Барлығының тек кемшілік іздеуінің себебі неде?», – деп ренішін білдіреді кәсіпкер.

Көбіне Арман ұсынатын қазақстандық сағаттар құрауыш бөлшектерінің барлығы шетелден алынатындықтан, негізі қазақстандық болмағаны себепті сынға ұшырайды екен. Мұны Арман да жоққа шығармайды. Алайда кәсіпкердің сөзінше, қазіргі жағдайда толығымен Қазақстанда құрастырылған сағат жасау мүмкін емес көрінеді. Біраз уақыт бұрын «Отан патриоты» сағаттары үшін бау жасай алатын компания тапқанымен, отандық баудың әлдеқайда қымбатқа түсетіні анықталған.

Сонымен қатар, Арман әлеуметтік маңызы бар жобаларды да қолға алған. Солардың бірі – гидропонды қондырғы. Аталған қондырғының мақсаты да қарапайым: тігінен орналасқан көп сатылы сөрелерде жемдік дән өсіру. Жобаның арқасында шаруа қожалығы бар адамдар жылқы-сиырлары үшін өз жертөлелерінде жем өсіре алады. Жем өсіру процесін толығымен автоматтандыратын қондырғының жұмысына жұмсалатын электр қуаты мен судың да мөлшері айтарлықтай төмен.

«Еттің бағасы жемнің қымбаттығы үшін аспандап барады. Менің қондырғым 5 килограмм дәннен 33 килограмм минералдарға бай жем алу мүмкіндігін береді. Апта ішінде дән 25,30 см-ге өседі. Алғашқы инвестиция бірнеше миллион теңгені құрайтындықтан, қондырғы ұсақ шаруашылық иелері үшін тиімсіз дер едім. Мыңдаған мал басын ұстайтын шаруашылық иелері тек пайдасын көрері анық. Бүгінгі күн бидайдың килограммы 50 теңге тұрады, ал дайын жемнің бағасы – 10 теңге», – деген Арман өз жобасын бүге-шігесіне дейін баяндап берді.

«Бар адамды қойын дәптер арнауға үйреткім келеді. Күн сайын күннің реті мен шешілуі тиіс істеріңіз бен тапсырмаларыңызды жазып отырыңыз. Егер тапсырма шешімін таппаса, ертеңгі күнге жазып қою қажет. Әрдайым жаңа қоңыраулар түсіп жатады. Олардың барлығын есте ұстау мүмкін емес. Сондықтан міндетті түрде қойын дәптерге жазып қойған дұрыс. Ол – ескі ойлардың жинақталуы емес, жаңа идеяның бастамасы. Орындадың ба, бірден сызып таста. Нәтижесі – жадыңызға артық салмақ түсірмей, жүйке жүйеңіздің тыныштығын қамтамасыз етесіз. Оған қоса, барлық шаруаларыңыз дұрыс әрі өз ретімен іске асып жатады», – деп Арман бизнес әлеміне қадам басқан кәсіпкерлерге кеңес береді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
6 ай 24 күні кері

Керемет. Тек алға

Ертай
8 ай 8 күні кері

Молодец тек алга Казак жигити мен колдаймын осе бер болашак биздики жастар

Жұмбақ жан
8 ай 9 күні кері

Жарайсын.тек алга.

Жұмбақ жан
8 ай 11 күні кері

Жарайсың, жастарлың бәрі сендей іс жасаса қандай жақсы

Жұмбақ жан
8 ай 11 күні кері

Өркенің өссін алға қарай ұмтыла бер дегеніңе жет

Жұмбақ жан
8 ай 11 күні кері

Жарайсан.тек алга оркендей бер

Жұмбақ жан
8 ай 12 күні кері

АЛЛА тагала куат берсин

Жұмбақ жан
8 ай 11 күні кері

Тамаша!

Жұмбақ жан
8 ай 12 күні кері

Жарайсың , алга !

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар