106-ға келген әжей алғаш рет тұрмысқа шықты (фото)
Бразилияда 106 жастағы зейнеткер алғаш рет тұрмысқа шықты, күйеу жігіт өзінен 40 жасқа кіші.

106 жастағы Валдемира Родригез де Оливейра есімді бразилиялық зейнеткер өмірінде алғаш рет қалыңдық атанды, деп хабарлайды 24.kz. Оның небәрі 66 жастағы қалаулысы да бірінші рет үйленіп отыр.

66 жастағы Апаресидо Диаса Джейкоба 106 жастағы Валдемира Родригез де Оливейраға ұсыныс жасаған. Бұған қалыңдық келісімін беріп, «иә» деп жауап береді.
Жұбайлар есте қаларлықтай той өткізді. Ал қалыңдық болса тойға ақ көйлек киіп шығады. Валдемира мен Апаресидо қарттар үйінде тұрады. Бұл мерекені оларға еріктілер ұйымдастырып берген екен.

Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық