105 жыл бұрын иесіз қалған кемеде орман пайда болған (фото)
Австралиядағы Хоумбуш шығанағында 105 жыл бұрын иесіз қалған кеме әлем жұртшылығын таң қалдырып, жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналды.

1911 жылы әскер тасу үшін жасалған кеме талай тарихты бастан өткеріп барып, Хоумбуш шығанағынан орын теуіпті.

Кемені пайдаланушылар оны өңдеуге жіберуді ұмытып, осы айлаққа қалдырған. Содан ғасырдан да астам уақыт ішінде кеме ішіне кәдімгі орманды көзге елестетердей көп ағаш қаулап өсіп шыққан.

Кеменің ішіндегі ағаштар оның түбін тесіп, тамырын тереңге жіберіпті. Жергілікті тұрғындар кемедегі орманды шет елден келген қонақтарға мақтанышпен көрсетеді. Әрі оның сақталуына үлкен мән береді. Австралия тұрғындары ерекше орманның сәнін бұзбау үшін ескі кемені орнынан қозғамауды ұйғарыпты.
islam.kz
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды