Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
100 мың теңге үшін: Маңғыстауда ұры әйелді өлтіріп, үйін тонап, өртеп кеткен
Маңғыстауда әйел адамды тонап, артынша оны өртеп жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ұры үйге терзені шағып кірген. Ол үйден құнды заттар мен ақша іздей бастапты. Алайда осы кезде үй иесі қатты дыбысты естіп, оянып кеткен. Өз кезегінде үй иесін көрген ұры оған тап беріп, бірнеше рет пышақ сұғып алған. Ол үйден 100 мың теңге алып, үйді өртеп, қашып кетіпті.
Сотталушыға қатысты ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру), 188-бабы (Ұрлық) және 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сот төрағасы сотталушыға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген