Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жастағы баланың бүйрегі аяғына біткен

10 жастағы баланың бүйрегі ауытқушылық салдарынан оның аяғына біткен.

Ген зерттеуші маман 10 жасар Хэмиша Робинсонның  7p22.1 хромасомасы жоқ екенін біледі. Бұның ауытқушылық салдарынан екенін ғылыми жұмысында жазады. Бала осындай күйдегі жалғыз адам. Дертінің атауы жоқ. Оны қараған дәрігерлер “Хэмиш ауруы” деп атап жүр.

Бала мерзімінен алты апта бұрын өмірге келген. Салмағы 910 грамм болды. Бірнеше айдан соң анасы баласының жай өсіп жатқанын аңғарады. Бір жарым жасында алғашқы сөзін айтқанын айтты. Одан кейін екінші сөзін есту үшін 6 жыл күткен.

Робинсонның бүйрегінің бірі оның жамбасында.
“Бұл өте сирек кездесетін құбылыс. 900 адамның бірінде болады. Бүйректің аяғында болуы бұрын естімеген жағдай”, – дейді дәрігері Эндрю Ордон.
Жамбасқа біткен бүйрегі балаға кері әсер етпейді екен. Сондықтан оны алып тастаған жоқ.

Генетикалық ауруына қарамастан бала кәдімгі мектепке барып жүр. Бірақ жазу мен оқуда қиналады. Сабағынан бөлек каратеге қатысып, секіріп, трамплинге шыққанды жақсы көреді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау