10 жасар қазақ баласы Андрей Малаховтың шоуында ән айтып, ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
Мейрамбек Бесбаевтың ізбасары атанып кеткен 10 жасар Нұрмұхаммед Жақып Андрей Малаховтың шоуында ән айтты. Отандасымыз Юлдуз Усманованың аналарға арнаған әнін шырқап, көпшілікті таңдай қақтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрмұхаммед желі арқылы танылған балалар туралы бағдарламаға арнайы қонақ болып шақырылған. Бұл орайда Андрей Малахов біздің Нұрмұхаммедті “Қазақстанның өсіп келе жатқан жұлдызы” деп таныстырды.
Ал Нұрмұхаммедтің өзі Ресей төрінде ән шырқау арқылы қазақтың мерейін үстем еткеніне сенімді.
“Бұл да менің бір жеңісім, Ресей төрінде ән шырқау. Ал менің жеңісім әрқашан қазағымның жеңісі болмақ. Осындай әдемі әнді маған сеніп, өз рұқсатын берген Юлдуз Усманова апама үлкен рақмет. Сіз мықты адамсыз. Алдымда үлкен байқау, маған сәттілік тілеңіздер”, – деп жазды Нұрмұхаммед Instagram-дағы парақшасында.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"