Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 сағат өзін құтқаруды сұрады: Жол апатынан өкпесі түсіп қалған жігіт жедел-жәрдемге өзі хабарласқан

Үндістан тұрғыны Йогендра Кумар өзін көлік қағып кеткенсоң жедел жәрдем шақырып үлгерді. Жігітті көлік қағып кеткен соң өкпесі түсіп қалған.

Жол апаты Ноида қаласында 2017 жылдың қараша айында болды. Бұл туралы енді ғана мәлім болып отыр.

36 жастағы Кумар екі ағасымен бірге велосипедімен жұмысына бара жатады. Оны алты мертргей дейін ұшырып жібереді. Темірге етбетімен құлайды. Оның кеудесі сынып, сол жерден өкпесі шығып кетеді. Жігіттің туысы сол жерде мерт болды. Ал, өзі жүріп барып, жедел жәрдем шақырады. Кеудесін киімімен байлайды.

алғашында оны мемлекеттік емханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер оның жарақаты ауыр болғандықтан жеке емханаға жібереді.
Ер адам өзін баладары үшін құтқарып қалуды сұрайды. Ақырында үшінші ауруханадағы дәрігер Вайбхав Мишра науқасқа ота жасауға келіседі.

Бұл уақытта 10 сағаттай уақыт өтіп кетеді. Кумар айыр жағдайда еді. Өкпесі жарақаттанған. Бірнеше қабырғасы сынған, көп қан жоғалтқан.

Шұғыл ота 46 минутқа созылды. Дәрігер науқастың өкпесін, бұлшықеті мен терісін тігіп берді.

Дәрігер мұндай отаны алғаш рет жасағанын айтты. Айтуынша, ішкі ағзасы шығып кеткен науқастар ауруханаға жетпей көз жұмады екен.

“Мұндай жағдайда өкпе атмосфералық қысымнан жарылып кетуі мүмкін. Ал, бұл жолы қуаышқа орай өкпесі жұмысын тоқтатпапты”, – дейді Мишра.

Бір аптадан соң Кумарды емханадан шығарды. 20 күннен соң жұмысына оралды. Ол тек кеудесінің аздап ауырып тұрғанын айтқан.

Жол апатына кінәлі жандар сол күйі ұсталмай кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау