10 мыңға дейін ақша сұрайды: Ақтөбелік студенттер мұғалімдердің бағаны қаншаға сататынын айтты
Ақтөбеде мемлекеттік істер департаментінің жанындағы арнайы мониторингтік топ анонимді сауалнама жүргізді. 1552 студенттен жауап алынды.
Көрнекі сурет
Студенттер Жұбанов атындағы университетте оқытушыларға 1 мың теңгеден 2 мың теңгеге дейін сыйақы беретінін, ал медициналық университетте 5 мыңнан 8 мыңға дейін, Баишев атындағы университетте 1500 теңгеден 10 мың теңгеге дейін ақша беретінін айтты, деп жазады Диапазон.
Кейде оқытушылар студенттерден бәліш, торт, фаст-фуд сұрайтын көрінеді.
Сауалнамаға сәйкес, оқытушылардың өз кітаптарын сатып алуды талап ететіні айтылды. Мемлекеттік істер департаментінің жанындағы арнайы мониторингтік топ ононимді сауалнама нәтижесін оқу орнының басшылығы мен құқық қорғау органдарына тапсырды. Журналистер мұндай сауалнаманың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.
Сауалнамада пара алмайтын оқытушылардың атына кір келмей ме деген мәселені көтерді. Мемлекеттік істер жөніндегі департамент басшысы Расул Медетов полицияның сауалнамадағы мәліметтің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеретінін айтты.