1 шілдеден бастап қосылатын базалық зейнетақының кестесі

Қолыңызға калькулятор алып, өз бетіңізше қосылатын базалық зейнетақы мөлшерін есептеп көріңіз.

Мәселен, сіздің еңбек өтіліңіз 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 17 жыл болса, сол жылдан бастап зейнетақы жинағына 14 жылдан бері ақша құйылып отырды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Базалық зейнетақы есептеу үшін 17-ге 14-ті қосасыз.

Кестеге қарап өз еңбек өтіліңізді көріңіз. Егер еңбек өтілі 31 жыл болса, базалық зейнетақы 1 шілдеден бастап 96 пайызға тең. Ол 27 153 теңгені құрайды.

Осылайша 40 жыл жұмыс істеп аз ғана зейнетақы алып отырғандар үшін әділдік орнайды.

Зейнетке шығушылар зейнетақы жинақ қорындағы ақшаны толық есептеп тексеріңіз. Ол жұмысшылар үшін ай сайын аударылуы тиіс.

Еңбек өтілі мен базалық зейнетақы мөлшері

10 жыл не одан да аз болса – 54% не 15274 теңге

11 жыл – 56% не 15 839 теңге

12 жыл – 58% не 16 405 теңге

13 жыл – 60% не 16 970 теңге

14 жыл – 62% не 17 536 теңге

15 жыл – 64% не 18 102 теңге

16 жыл – 66% не 18 667 теңге

17 жыл – 68% не 19 233 теңге

18 жыл – 70% не 19 799 теңге

19 жыл – 72% не 20 364 теңге

20 жыл – 74% не 20 930 теңге

21 жыл – 76% не 21 496 теңге

22 жыл – 78% не 22 061 теңге

23 жыл – 80% не 22 627 теңге

24 жыл – 82% не 23 193 теңге

25 жыл – 84% не 23 759 теңге

26 жыл – 86% не 24 324 теңге

27 жыл – 88% не 24 890 теңге

28 жыл – 90% не 25 456 теңге

29 жыл – 92% не 26 021 теңге

30 жыл – 94% не 26 587 теңге

31 жыл – 96% не 27 153 теңге

32 жыл – 98% не 27 718 теңге

33 жыл не одан да көп – 100% не 28 284 теңге

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар