Өткен жылдың 22 желтоқсанында «Экстремизм және терроризмге қарсы күресу мақсатында ҚР кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң күшіне енген болатын. Енді азаматтар жұмыс бабымен немесе басқа да бір мақсатпен басқа қалаға келсе, міндетті түрде тұрған жері бойынша тіркелуі керек.
Ал баспананы жалға беретін азаматтар оларды өз пәтеріне немесе үйіне тіркеуі шарт. Ескерту бір ай көлемінде ғана жасалады. Ал бір айдан соң құқық қорғау органдары талапты орындамаған азаматтарға айыппұл салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Көші-қон департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.