Үшемді дүниеге әкелген семейлікті күйеуі тастап кетті

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 15:52

Семейдегі  “Аналар үйін” 30 жастағы үшемдердің анасы пана тұтып отыр. Балалрдың бірі тумасынан кемтар,-деп жазды YK-News.kz сайты.

ainur20160808_0

Екі жыл бұрын, екі бірдей жоғары оқу орнын бітірген қыз  Астанада сақтандыру компаниясында жұмыс істеп, жақсы жалақы алып жүрген.

Астанадағы кафелердің бірінде әйел өзінің болашақ жарымен танысып қалады. Осы кезден бастап олардың арасында жақындық пайда болады.

“Ербол Екібастұздың жігіті. Құрлыс саласынжда жұмыс істейтін. Оның туыстарымен бір рет ғана кездестім.  Оның ауылы алыс болғандықтан жиі көрісудің сәті түсебермейтін. Сол үшін де болар, енемнен қолдау сұрағанымда телефон номерін ауыстырып тастады”,-дейді Айнұр.

2014 жылдың ортасында Айнұр ана болатынын білген. Дәрігерлер оған “егіз босанасың” деген. Екінші мәрте дәрігердің тексеруіне келген кезде келіншекке “Үшемдер туылады” деген. Сол кезде Айнұр Семейге оралып, анасынан немерелерінің күтіміне көмектесуін сұрамақшы болған.

2015 жылдың көктемінде Айнұр үш бірдей баланы аман-есен дүниеге әкеледі. Екі баланың денсаулығы көңіл көншітерліктей болғанымен, үшінші баланың салмағы аз әрі әлсіз болып туған. Дәрігерлер бала екі аптаның ішінде әлденіп қалады деп Мирасты ауруханада  алып қалған. Ал, Айнұрды екі баласымен үйіне жіберген.

“Күйеуім Мирасты алып ауруханада жатты. Ербол жақсы күйеу болатын. Біз ешқашан ұрспайтынбыз. Сол үшін де мен оның “Астанада жұмыс істеп, балалар мен саған ақша салып отырамын” деген сөзіне сендім. Басында ол күнде хабарласып тұрды. Кейіннен сирек қоңырау шалатын болды. Әлі айлық алмағанын айтып, ақша да салмаған еді. Кейіннен Ербол мүлде хабарсыз кетті. Сол кезде кіші ұлымның науқас екенін білдім. Күйеуіме достары арқылы осы жайсыз хабарды айтып жібердім. 2016 жылы баламды Астанаға медициналық тексеруден өткізуге алып келдім. Күйеуім бізбен кездескен де жоқ”,-дейді келіншек.

“Мен Мирастың екі ағасына қарағанда кеш жетіліп жатқанын байқадым. Тіпті басын ұстай алмайтын. Тоқтаусыз жылайтын. Дәрігерлер оны жиі емізіп тұру керектігін айтты.  Өзім де тамақты көп берсем салмақ қосып, епке келіп қалады деп сенгенмін. Бірақ, балаға 8 ай болған кезде талып ауырды. Ақылы емхана дәрігерлеріне алып барып едім “ертерек келмейсің бе” деп өзіме айқайлап берді”,-дейді Айнұр.

Айнұрға ақылы аурухананың дәрігерлері баланың эпилепсия дертіне шалдыққанын, БОМП (ДЦП) екенін айтқан. Әрі ерте бастан ем жүргізбегендіктен дерт асқынып кеткенін түсіндірген. Себебі, бала сол кезде  күніне үш-төрт мәрте талып қалуды шығарған.

“Мирас түнімен жылайтын. Оның даусына оянған Ильяс пен Диас та қосылатын. мен солардың ортасында жүріп-ақ шаршайтынмын. Бірде тіпті қай айда, аптаның қай күнінде екенімізді есіме түсіре алмай қалғанмын”,-дейді Айнұр.

Осы кезде Айнұрға қаржылай көмектесіп жүрген анасы мен сіңлісі де жұмыссыз қалады. Бүтін бір отбасы Айнұрдың әкесінің айлығына қарап қалады. Тіпті балалардың жөргегіне ақша таппай қалған күндері болыпты. Амалы қалмаған Айнұр “Ана үйінен” көмек сұраған. Ондағылар келіншекке көмектесуге әзір екендіктерін, тек сонда көшіп келуі керектігін айтқан.

“Күйеуім ақша жібереді дегенді ойламайтын да болдым. Ата-анама масыл болудан ұялып кеттім. Сол үшін осында көшіп келуге бел будым”,-дейді Айнұр.

Үш баланың анасы мұнымен барлық мәселесін шеше алмаған. Себебі Мирасқа тегін берілетін дәрілер оның дертімен күресуге қауқарсыз екен. Ал ақылы емхана берген дәрінің бір қорабы 10 мың теңге тұрады екен. Ол баланы талма ауруынан емдейді. Мирасқа берілетін көмек ақының барлығы дерлік осы дәріге жұмсалады екен.

Сот балалардың әкесін алимент төлеуге міндеттеді. Бірақ, сот орындаушылары Ерболды таппағандықтан міндетін орындата алмай қойған.

“Сот орындаушылары  Ерболды заңды тіркеуі бойынша Екібастұздан іздеп жүр. Мен оларға күйеуімнің Астанада екенін айтқанмын. Әлі күнге оны таба алмай жүр. Бөбектер үйінен хабарласып балаларды сонда өткізуіме болатындығын айтты. Күнде кездесіп, көріп тұруға болады екен. Әрине, мен бұл ұсыныстан бас тарттым. Осында жатқандарға қарағанда мен әлде қайда бақыттымын. Себебі, мұнда көбісі білімсіз, отбасындағылар араласпай қойған. Менің екі диплоимым, қолдайтын ата-анам бар”,-дейді Айнұр.

Айнұр осыншама қиындықты басынан кешіріп отырғанымен өзін өте бақытты санайды.

“Мен анамын ғой. Ильяс пен Диас бірінші мәрте қадам басып, алғашқы сөзін айтқан кезде қуанышым қойныма сыймай кетті. Олар күн сайын емес, сағат сайын өсіп жатқан сияқты. Олардың күліп қуанғаны, ойнағандарын тамашалаудың өзі адамға үлкен бақыт сыйлайды”,-дейді ана.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

36
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мыкты жан екенсиз ойлаган арманыныз орындалсын.

    • Анонимно says:

      Айдың 15і қараңғы 15і жарық əлі ақ қиындықты жеңесің сабыр сақта қазақ əйелі бəрін жеңе біледі

  • Анонимно says:

    Кажыманыз кудай сизге куш куат берсин. Бари жаксы болады. Балалардын акеси кудай жазасын береди.

  • Чыныгул says:

    Білімді 2 дипломың бола тұра некесіз қарым–қатынаста болған ба?

    • Анонимно says:

      ол тағдыр аиналып келгенде, ар кімнің қаиғысы өзіне, не болсада дал казірге деингы тағдыры, керсынше жақсы лебізіңізді блдірсеңізшы

  • Анонимно says:

    Алла жар болсын арине сиз бакыттысыз ар баланын оз несибеси бар

  • Омиргул says:

    Айнур кажыманыз колдаитын ата ананыз бар екен. Мирасын жазылып кетсин. Илиясын мен Диасын аман есен осип кетсин. Бар кызыкты ертен осы балдарыннан коресин. Ал куйеусымагыннын жазасын Алла ози береди.

  • Анонимно says:

    Ия жараисын ондаи акенин барынан жогы алла озине куш куат берсин !

  • Анонимно says:

    Номери боладыма есепшоты колымнан келгенше комектесемин 87756501089

  • Айнаш says:

    САЛЕМ Айнұр! Өмір сыннан құралады ғой, дегенмен ана үшін ең бірінші бақыт ол баласы! Балаларың аман болсын! əлі талай бақыт пен шаттыққа шынайы махаббатқа бөленетініңе кəміл сенемін! мен тибет медицинасымен айналысамын егер ДЦП жайлы сұрағыңыз болса хабарласыңыз. 87052524946

  • Жұмбақ жан says:

    Жаркынай

  • Арман Əзімханұлы says:

    Қарындасымызға қиын болған екен:бұндай безбүйректі əкесі деп айтудың өзі -ұят. Балалардың не жазғы бар?! Оқып отырып, өзім қиналдым! Қарындасым, қажырлы екенсің. Аналық мейіріңнен айналдым. Сен қателескен жоқсың, керісінше өмір ағысына қарсы жүзіп келесің. Ризамын. Алла қуат берсін! Мүмкін болса, банктен есепшот ашып, номерін 8-707-36-36-236 номеріне жіберсеңіз, біз де адамбыз, адами қасиеттен айырыла қойған жоқпыз. Қолымыздан келгенше қолұшын берейік.

    • Анонимно says:

      Аллам сизге кушкуат берсин. Айелдин ен улкен бакыты бала. Ал жолдасыныздики нагыз коркактык, ондай еркекти еркек деуге болмайтын да сиякты.

    • Анонимно says:

      Ия қажырлы қайратты келішексіз.Сізге алла қуат берсін.Құдай алдыңыздан жарылқасын.Балаларыңыз аман болсын!Олда өз жазасын тартар.Сонда түсінер басына түспей ешкім білмейді.Номеріңіз болса парақшамды тауып жазып жіберіңіз,мүмкін əлдеқайда көмек тиіп қалар.

    • меруерт says:

      Аман есен жазылып кетсин баланыз.Абзал жанды ага комек колын созуга дайын екенин айтып отыр.осындай агаларымыз коп болсын.

    • Анонимно says:

      Маган да есепшотынызды бериниз.87056448181. Комектесейк колдан келгенше.озимнин егиз улым бар.оларды багудын кандай екенин блемин.брак,казир 4те.тунимиз тыныш.сәл шданыз.2,2жарымга толгасын уйкыныз тынышталады.бакшага берерсиз.сойтип ел катарына косылып кетесиз.жасыманыз.шаршадым деп айтуга кудайдан коркып ,мен де айта алмап едим.сабыр берсин.али ак жигит болып,озинизге корган болады,сонда акеси калай жер басып журер екен.

    • Анонимно says:

      Сизге Алла разы болсын

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар