Үнемге көштік деген Есімовтің “ЭКСПО-сына” тағы 33 миллиард қаржы бөлінетін болды

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 22:52

Үнемге көштік деп мәлімдеме жасаған Есімовтің ЭКСПО-сына тағы 33 миллиард қаржы бөлінетін болды. Қаржы құрылысты жылдамдату үшін жұмсалмақ. Бүгін екі жылғы бюджет шығынын нақтылап келген министрлерге депутаттар осы орайда сұрақтарын қарша боратты.

cVHNWe0n50QcMKYz8uMml14ZQ8lfGd

Фото: yvision.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Депутаттар алдарында жатқан қалың құжат, алдағы екі жылдың шығыны мен кірісін үш сағат бойы есептеп бастары қатты. Бір сұрақты қайталап қойғандары аздай, өзгелері заң жобасындағы кей сөздерді түсінбей жатты…

Терминнен шатасса да, триллиондап көбейіп жатқан шығындарға депутаттар шошына қарады. Себебі бюджет кірісі биыл 4 трлн болса, шығысы екі есеге артқан. Бірақ Бишімбаев басу айтты. Ұлттық экономика министрі мұнай бағасының ептеп көтерілгені мен әр тиынды үнеммен жұмсағаннан ұлттық қордан алынатын қаржыны 400 млрд-қа қысқарттық деді.

“Сол экономиядан қалған қаражат енді басқа жобаларға жіберілетін болады. Басқа облыстарға жібереміз. Ешқандай жоба тоқтамайды”, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Қыркүйектің басында айтылған дағдарыстан өсуге жетелейтін президенттің жаңа жоспары бойынша 233 млрд теңге экономикалық өсімге беріледі. 97 млрд агроөнеркәсіпке болса, 112 млрд теңгеге жаңа зауыт, кәсіпорындар іске қосылады екен. Терроризммен күрес үшін үкімет 70 млрд жұмсамақ. Ал шығыны шаш етектен ЭКСПО-ға тағы 33 млрд теңге берілетін болыпты.

“136 млрд ірі жобаларға жұмсалады. Соның ішінде 33 млрд теңге ЭКСПО құрылысын жетелдету мен өткізілуіне беріледі. Тағы 53 млрд Назарбаев университетіне, бұл да ЭКСПО-ға қатысты нысандар”, – деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Ал елдің жылдар бойы жинап терген зейнетақысынан 112 млрд теңге банктерге беріліп қойыпты. Қалғанын қаржы орталықтары алудан бас тартып отыр екен.

Оқи отырыңыздар:

Сарапшылар Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатынын анықтап көрді

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар рейтінгісі жарияланды

Елімізде банкке берешекті толық төлемеуге рұқсат етілуі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар