Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда тірілей жерлеу туралы бәстесуден кейін 17 жастағы бала көз жұмды

17 жастағы Сумит есімді каскадер бала тірілей жерлеуге байланысты бәстен кейін қайтыс болды.

Безымянный

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Бәс бойынша ол жердің астында бір тәулік болуы тиіс болған. Осы үшін оған 130 евро төленеді. Алайда бәс үшін қолайсыз жер таңдап алынып, жігіт тұншығып қалады. Кейін белгілі болғандай ол орын Курад қаласындағы биогаз зауытының шұңқыры екен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша 17 жастағы баланы жер астынан алып шыққан кезде ол ес-түссіз болған. Бірақ, соған қарамастан ұйымдастырушылар шоуды әрі қарай жалғастыра беріпті.

Ал оны ауруханаға жеткізген кезде бәрі кеш болған. Дәрігерлердің сөзінше, бала оттегінің жетіспеушілігінен және шамадан тыс келген газдан тұншығып көз жұмған.

Әдетте мұндай шоулар үшін арнайы жер қазылып, бәстесуші қиын жағдайда қалмас үшін ауа кіретін тесік жасалады. Бірақ, бұл жолы ұйымдастырушылар саңылау қалдыруды ұмытып кетіпті.

Оқи отырыңыз:

Оқушы қыз бұрынғы жігітімен жүре бастаған қызға химиялық қышқыл құйып жіберді

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

Талқылау