Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қабылан үй ауласында жүрген екі баланы жеп қойды

Үндістанның Чхиндвара округінде қабылан 6 сағат ішінде екі баланы жеп қойды.

Жексенбі күні жыртқыш үй ауласында ойнап жүрген қыз балаға шабуыл жасаған. Қабылан бүлдіршінді өлтіріп, денесін тоғайға алып кеткен. 6 сағаттан соң көрші ауылға барып, 10 жасар баланы да жеп қойған. Жыртқыш сақ әрі тез шабуыл жасағандықтан оны ешкім байқай қоймапты. Ұлының жыртқыштың жемтігіне айналғанын анасы аулаға шыққанда бір-ақ білген.

«Бұл қабылан жас болғандықтан тек балаларға шабуылдайды. Біз қазір жыртқышты іздеп жатырмыз. Оны өзге аймаққа жөнелтеміз», – дейді орман басшысы.

Соңғы кезде барыстар мен қабыландар балаларға көптеп шабуылдайтын болған.

6 қаңтар күні бір қабылан 12 жастағы балаға шапса, қараша айында жолбарыс 9 жастағы баланы алып кеткен еді.

22 қазан күні жыртқыш мал бағып жүрген 10 жасар қыз баланы өлтіріп тастаған болатын. Әпкесі сіңлісінің денесін жыртқыштан алып қалмақ болғанымен, шамасы жетпеген. Бұл оқиғаның бәрі барыстар қорығының жанында болып отыр. Соңғы кездері жыртқыштардың жемтігіне айналған адам саны екі есеге өскен.

Тағы да оқыңыз:

Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)

Тағы да сұмдық оқиға: Ақтөбеде банк қызметкері әріптесін қонаққа шақырып атып өлтірді

Мәскеуде қылмыс әлемінде Сақал деген лақап атпен танылған топ мүшелерін өлтіріп кетті

Талқылау