Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістан мұсылмандары “талақ” айтып ажырасу салтына қарсы шықты

Үндістанда 50 мыңнан астам мұсылман петиция жариялап, ерлі-зайыптыларды ажырастыратын 3 рет талақ айту рәсіміне қарсылық танытты.

11598751

Сурет: Associated Press

Бұған Үндістанның жоғары сотына 38 жастағы Шайяр Банның шағымы себеп болған. Оның күйеуі телеграмма арқылы 3 рет талақ сөзін жазып ажырасатынын айтқан. Бұл жағдай Үндістанда қалыптасқан тәжірибеге сай күйеуінің ажырасуына құқық берген. Осы оқиға елде үлкен резонанс тудырды.

«50 мыңнан астам әйелдер мен ерлердің қолы қойылды. Біз 3 рет талақ айтып ажырасуға қарсымыз. Жақын күндері бұдан да көп қол жинаймыз. Біз әйелдер құқын қорғаушы Ұлттық комитет басшысынан қолдау күтеміз», – дейді қоғам белсендісі Закия Зоман.

Оның айтуынша, мұсылман ерлерінің әйелдеріне телефон хабарламасы не әлеуметтік желі арқылы ажырасу туралы айтатын жағдайлар көбейіп кеткен. Бұлайша сырттай ажырасу әкелердің балаларына алимент төлемеуіне мүмкіндік береді. Және ол мұсылман әйелдеріне қарғыс айту есебінде саналады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Тәжікстанда таяқ жеп, талақ болған әйелдер паналайтын үй ашылды

Талқылау