Үнді мейрамханасының иесі көшеге тегін тамақ қойылған тоңазытқыш орнатты

Жұма, 1 Сәуір , 2016 9:23

Үнді мейрамханасының иесі осылайша жағдайы төмен жандарға көмектескісі келген. Тоңзытқышқа өзі де, өзгелер де жеуге болатын тағамдарды қоя алады.

17b6617f59f06e4488b38fbf7e73b415

Сурет: www.nat-geo.ru 

Керала штатының Коччи қаласындағы Pappadavada мейрамханасының иесі Мину Паулин бірде мұқтаж әйелдің қоқыс жәшігінен азық болар затты іздеп жатқанын көрген. Осы жағдайдан кейін ол мейрамханадан артылған, жеуге жарамды тағамдарды тоңазытқышқа салып қоюды ойлаған.

Мейрамхана қожайындары, фермерлер мен қарапайым халық үнемі жеуге жарамды тағамдарды тастап жатады. БҰҰ-ның 2014 жылғы мәліметі бойынша, әлемдегі барлық азық-түліктің 1/3-і бекерге тасталады екен. Европада қоқыс алаңына күнінен 100 миллион тоннаға жуық азық-түлік, АҚШ-та одан 40 пайызға көп мөлшерде жеткізіледі.

Мейрамханада тағамдардың артылып қалу себебі  әр түрлі. Онда кешкі асқа дайындаған барлық тағамдар өтпегендіктен оларды келесі күнге қалдыруға бомлайды. Сондықтан оларды мұқтаж жандарға таратады.

Мину Паулин күн сайын тоңазытқышқа 75-100 порция тағам салады екен. Оны қолдаған жергілікті тұрғындар да тоңазытқышқа артық тағамдарын салып кетеді екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар