Үлкендерге сәлем салуды шариғатқа қайшы деген жігіт жұртты шошытты

Сәрсенбі, 23 Тамыз , 2017 12:41

Алматы қаласының тұрғыны Гүлмәрия Барманбекова  такси тоқтатып тұрып, қызықты әрі қорқынышты жағдайға тап болғанын айтты.

салем1

Ол өзін жеткізіп салуды ұсынған жол талғамайтын көлік иесінің  қызметін алғашына қуана-қуана қабылдапты. Жол үстіндегі әңгімеден кейін тіпті өз өміріне қорқып қалыпты,-деп жазды Stan.kz.

салау2

«Бүгін бір сұмдық жағдайдың куəсі болдым!

Такси тоқтатып тұрғам. Кенет дөңбектей ланкрузер келіп тұра қалғаны. Міне салдым. Рульде – еңгезердей қазақ жігіті. Селдір сақалы қып-қызыл.

– Ойбай балам-ау, сақалыңды бояп алғаның нең? – деппін ғой сасқанымнан.

– Бояу емес, қына ғой. Сахабалар сақалын бояған, біз де бояймыз, – демесі бар ма əлгінің.

Ішім қылп ете қалды. Əлгі сəлəфит деген сұмдығыңның дəп өзі болып жүрмесін! Құдай-ай, қайдан ғана отырып ем мына құрғырдың мəшинесіне!

Не де болса қорыққанымды білдірмеуге тырысып, ойыма келген сөзді тілге тиек ете бердім. Əңгіме Ислам құндылықтарына жалғасты.

– Шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық салт – дəстүрге қарсы емеспіз.

– Сонда қазақтың қай салт-дəстүрі шариғатқа қайшы келеді екен?

– Мысалы сəлем салу.

– Сəлем салудың несі шариғатқа қайшы?

– Адам Аллаһтың алдында ғана иілуі керек, адамға емес.

– Адам адамға иіліп, ізет көрсетсе оның несі айып?

– Жоқ бұл ширк!

– Оны қайдан білесің?

– Құранды оқу керек! Хадистерді зерделеу керек!

– Құранды бір емес бірнеше рет, тіпті конспектілеп тұрып оқығам. Ондағы сөздер көктен түсті дегенмен, алғашында ауыздан – ауызға тарап, бірнеше ғасырдан кейін барып қағазға түсті емес пе? Осы екі аралықта ешбір сөзіне өзгеріс енген жоқтығына кепіліңіз бар ма? Ал хадистерді жазушылар да пенделер. Тіпті біріне-бірі, əуелдем құран сүрелеріне қайшы келетін хадистер бар,- деуім сол-ақ екен жирен сақал жігіттің жүзі сақалынан бетер қызарып, əп-сəтте булығып шыға келгені.

– 200 % гарантия берем! Құранның бір сөзі өзгермеген, қияметке дейін өзгермейді!

– Əй, шырағым, 200-іңді қайдам, 100 % ақиқат Құдайға ғана аян. Сен бар болғаны пендесің. Қалайша Құдайдан білгір боласың?

Жирен сақалдың аузына құм құйылды. Сол сəт ашуға булыққаны соншалық мəшинесін бұралаңдата ызғыта жөнелді. Құдды құтырынған иттей көзі алақтап кеткен. Зəрем зəр түбіне кетті! Құдай-ау, мынау неткен агрессия!? Жап-жас жігіттің зомбиланғаны сонша, дəп қазір мəшинемен бірге екеуің де төңкеріліп өл десе, солай етуден тайынбайтындай.

Енді қайтып сақалы бар адамды көрсем мəшинесіне отырмақ түгіл, алты шақырым аулақ қашатындай болдым»,-дейді  Гүлмәрия Барманбекова.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тұратын африкалық суретші қала тұрғындарына 20 күн ішінде ағылшын тілін үйретеді

Елімізде бетін тұмшалап жүргендерге 200 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Екі қазақ қызын асырап алған америкалықтар қыздары үшін Қазақстанға көшіп келген (фото)

Головкинді қартайды дегендерге бапкері жауап берді

Семейде жақында ғана грант иегері атанған қыз жоғалып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар