Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Бейсенбі, 9 Ақпан , 2017 13:09

Сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыстың ұйымдастырушысы Дина Тәңсәрі жұртты шошытқан оқиға туралы айтып берді. Ол бес бірдей қызы зорланған отбасыны танитын болып шықты. Бұл отбасындағы қыздар өздерінің ағаларынан зәбір көрген екен.

temno-temnota-fetish-parnisha-Favim.ru-2517725

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Есіктегі оқиға әлі күнге дейін ел есінде. Жібек есімді бойжеткен бауырымен дәмханадан шыққан кезде белгісіз біреулердің шабуылына ұшырайды. Төрт жігіт оны күштеп мінгізіп, белгісіз жаққа алып кетеді. Артынша жабылып зорлайды. Жантүршіктірерлік жайттар мұнымен шектелмейді. Ақтауда айдың-күннің аманында алты жасар қаршадай қыздың педофильдің құрбаны болғанын біз ұмытқан жоқпыз. Немересін қарауға уақыты болмаған әже ұлына хабарласып, оны алып кетуін өтінген. Біршама уақыттан кейін немересінің жоқ екенін байқап, оны өз бетімен іздеуге кіріседі. Полиция қызметкерлері қызды сол күні 17:30 шамасында қаланың шетіндегі жағалаудан тапқан.

“Полиция шақыру үшін бірден телефонға жүгірдім. Бара жатқан кезде патрульдік көлікті көріп, қол бұлғадым. Олармен бәріміз бірге оқиға орнына келдік. Сол жерде менің қолыма кісен салып, алып кетті”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны. Қоғамдағы өзге де әйел қауымы зорланған қыз-келіншектерге көмегін көрсетіп жатыр. Бүгінде арнайы комиссия құрылып, өз жұмыстарын бастап кеткен.

“Мен бес қызы бар үлкен отбасыны білемін. Өкініштісі, осы қыздардың бесеуі де ағаларынан зәбір көріп, зорланған. Ағаларының біреуі осы қылмысы үшін түрмеге отырып шыққан. Бізге бірінші күннен бастап хаттар келе бастады. Қыз-келіншектер бастарынан өткен оқиғаларын баяндап, сырларын бөлісіп жатты. Оқып отырып жылап алатын едім. Көбісі бала кезінде зорланып, қазіргі таңда бұл туралы ешкімге айта алмай жүр екен”, – дейді сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыстың ұйымдастырушысы Дина Таңсәрі.

Мамандардың топшылауынша, күн сайын елімізде 20 шақты қыз-келіншек зәбір көреді. Ал балаларға қатысты 120 қылмыстық іс қозғалған. Бұл тек ресми деректер ғана. Зәбір көргендерін анасы мен қоғамға айта алмай жүргендер қаншама?! Оның үстіне азғындар жас талғамайды. Жуырда Есік қаласында тағы бір естен тандырарлық оқиға болды. Егде жастағы әйелдің үйіне баласының досымын деп кіріп келген жас жігіт оны әуелі соққыға жығып, ізінше зорлап кеткен. Мамандарға жүгінсек, бұл келеңсіздіктер жекелеген қылмыстық оқиғалардан гөрі, қоғамдық үрдіске айналып бара жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар