Үкіметтің шетелден қарыз алуы депутаттардың түсінбестігін туғызды

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 22:51

Қазақстан дүниежүзілік банктен тағы 1 миллиард доллар қарыз алмақ. Сөйтіп, шетелден аударылатын 333 миллиард теңгемен бюджеттің тапшылығын жаппақ ойда. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлады.

ukujy

Сурет forbes.kz

Тиісті құжатты Мәжіліске алып келген Қаржы министрі бүгін сұрақтың астында қалды. Сұлтановқа шүйліккен депутаттар онсызда сыртқа 10 миллиард доллар берешегі бар Қазақстанның тағы қарызға кіргенін аса қалаған жоқ.

Министрдің есебі түгел, 333 миллиард теңгенің 20 жылға несиеге берілетінін, ал қаржының әлеуметтік жобаларға жұмсалатынын айтып ақталумен болды. Бір қызығы, қарыздың орнына шығынды азайтуды талап етіп, қарсылық танытқан төменгі палата, жеме-жемге келгенде құжатты бекітіп берді.

“Бюджет тапшылығын шетелдік қарызымен жабатын күнге жетіппіз. Жақсылығы шамалы шығар. Осы алып отырған зор қаржының тиімділігін қалай бақылаймыз?” – деді мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

“Борышты төлеу жағынан ешқандай күмән жоқ, ешқандай проблема жоқ. Бюджеттің тапшылығы бюджеттік шығыстардан туындайды”, – дейді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Депутат емес оншен сорлыларды жинап алганбыз, мына туримизбен келер урпакка кай бетимбен жауап беремиз. Билик басында елимизге халкымызга бир де бир жанашыр жоктын касы. Аттен ай сорлы казак журсин мазак, кан жылатар, тилин тозар, билик теги спектакль дер озар – кайда бара жатырмыз????! Ех……

  • орда says:

    Әнщейін көз қылып қарсыласқан ғой, әйтпесе шетелден қарыз аламыз деп шешіліп қойған шығар.

  • Жұмбақ жан says:

    Жанкалталарына баспаса сол каржы едауир акша гой.

  • РУЫМ ТОРЕ. says:

    ДАА… БУЛ НЕ АРЕКЕТИ ОКМЕТИН . БУЛ КАЙДАН ЖИНАЛГАН ДЕПУТАТАР. . БРАЛЫК ЗАНГА 100 ПРОЦЕТ МАКУЛДАЙ САЛАТИН .. БУЛ НЕ ТОП. ЖИНАЛГАН .. КАЛАЙ БУЛАР КУПТАП САЛГАН . ЖЕР САТУ ЗАНЫН КУПТАГАНДАЙ 100 ПРОЦЕНТ КУПТАГАНЫ НЕС . КЕПИЛДИКЕ КАЗАХ ЖЕРИН ЗОЛОКА КОЙП ЖАТЫРМА . КУРТ МЕМИЛЕКЕТИ СИЯКТЫ ДУНИЕ ЖУЗИНЕН АКША АЛЫП ЖЕРИМИЗДЕН АЙРЫЛЫП КАЛМАЙК ДЕПУТАТАР ОЙЛАНДАР.. АЛДА ХАСЫРЛАП КАЗАХ ХАЛКЫНЫН БОЛАШАГ ОМИРИ БАР КАЗАХ ЕЛИНИН .

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар