Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үздік спортшы мектеп оқушыларына ЖОО-да грант берілуі мүмкін

«Мектепте спорттан жетістіктерге жеткен түлектерге жоғары білім алу үшін грант берілуі мүмкін», – деп мәлімдеді Білім жане ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Безымянный

 

Сурет: 2306206.ru 

«Біз бүгін студенттер арасындағы баскетбол лигалары жайлы талқыладық. Осы жылы студенттер арасындағы волейбол лигасын құруды жоспарлап отырмыз. Мен оқу орнының ректорларынан спортшы студенттерге грант бөлінетін естідім. Батыс елдерінде де осы әдіс қолданылады. Өйткені олар үздік спортшылар, әрі университет абыройын қорғаушылар», – деді Сағадиев.

Әрбір мектепте қалалық, ұлттық шараларға қатысу үшін бірнеше командалар құруға тырысамыз. Қазір бізде студенттер арасындағы футбол лигасы жақсарып келеді. Биыл командалар саны одан көп болады. Олар 100-ден аса командалар ойын көрсету үшін өз жоспарларын құрады, – деп министр ойын қорытындылады.

Талқылау