Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйінің маңында таксиден түсіп қалған: Алматыда үш баланың әкесі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ол сыныптастарымен кездескеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Үйінің маңында таксиден түсіп қалған: Алматыда үш баланың әкесі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Екі апта бұрын Досжан Әзірбаев сыныптастарымен бірге Қапшағайға демалуға кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ.

Ер адам 14 желтоқсанда соңғы рет байланысқа шыққан. Ол әйеліне бірнеше рет қоңырау шалып, алаңдамауын сұрап, кеш қайтпайтынын айтқан.

Алайда ер адам үйіне келе жатқан кезде жоғалып кеткен. Онымен кездесуде бірге барған досының айтуынша, Досжан үйінің маңына келгенде таксиден түсіп қалыпты. Алайда мұнан кейін 44 жастағы алматылықты ешкім көрмеген. Оның телефоны да сөндірулі.

Ол жоғалып кеткеннен екі күн өткеннен кейін жұбайы полицияға жүгініпті. Бүгінде оны іздестіруге еріктілер де қосылған. Жақындарының айтуынша, бұған дейін 3 баланың әкесі бұлай хабар-ошарсыз кетпеген.

«Полицейлердің не істеп жатқанын білмеймін. Тек оның телефоны сағат 21:50-де Қапшағайда өшірулі болғанын айтты. Басқа ақпарат жоқ. Ол ешқашан өзінен өзі хабарсыз кеткен емес. Не істерімізді білмейміз», – дейді жұбайы Нұрзия Әзірбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау