Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұртты сүйсіндірген сурет: Арыста әйел адамға арқасын тосқан азаматтың кім екені белгілі болды

Арыста тұрғындарды көшірген құтқарушының суреті желіде тарады. Көпшілік анаға арқасын тосқан азаматқа риза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұртты сүйсіндірген сурет: Арыста әйел адамға арқасын тосқан азаматтың кім екені белгілі болды

ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі жариялаған фото желіде талқыға түсті. Бұған қатысты ТЖК түсініктеме берді. 

"Instagram желісінде бұл сурет қызу талқыға түсті. Көпшілік жағымды пікір жазып жатыр. 56 мың лайк жинап, мыңнан аса пікір жазылды. Осыған байланысты ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі түсініктеме беруді жөн көрді. Суретте Шымкент қаласының ТЖД өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы, Бексұлтан Миятұлы Ибадулла, Үсен Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович Қырықбаев. Олар әйел адамды көлікке көтеріп мінгізіп, Арыстан Шымкентте жеткізіп жатты", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар комитеті.

Суретте құтқарушылар әйел адамды көлікке мінгізіп жатыр. Азаматтың бірі арқасын тосып, әйелдің көлікке шығуына көмектесуде. 

Талқылау