"Жұмыстан шығарамыз деп қорқытады": Қарағандылық департамент басшылары полиция қызметкерлерінен ақша жинаған

Қарағандының тәртіп сақшылары департамент басшыларына қатысты шағымдарын айтып, әлеуметтік желі арқылы таратқан, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Айына, тіпті, күніне басшылықтарына ақша беріп, оларды асыраудан жалыққан Қарағандылық белгісіз полиция қызметкерлері шағымдарын әлеуметтік желіде ашып жазды.

"Қарағандының патрульдік полиция полкі өзінің қызметтік шенін пайдаланатын Қарағанды облысының полиция департаментінің орынбасары Ысмағұлов Құманғалиға шара қолдануларыңызды өтініп, сіздерден көмек сұраймыз. Полк командирлері әрбір ротадан айына жүз мың теңгеден, әрбір қызметкерден күніне бес мың теңгеден жүйелі түрде ақша жинап алады. Егер бермесе, жұмыстан шығарамыз деп қорқытады. Ысмағұлов Құрманғалиға достарына жайған керемет дастарханының ақшасын біз төлеуге мәжбүрміз", - деп жазды.

Тіпті басқа облыстардан әскери жаттығуға келген өзге департамент қызметкерлерінің жатын орны, тамағы, көңіл көтергеніне дейін қарапайым полиция қызметкерлерінің мойнында көрінеді. Онымен қоймай, олар арзанқол жерден тамақтанбайды екен.

"23 сәуірде Ысмағұлов "Ариста" деп аталатын ең қымбат мейрамханға құрметті қонақтарын шақырды. Ішіп-жемінің бағасы 300 000 шықты. Сонымен қатар, дәл осы бағаға жеке алкогольді сусындар да алып келді. Шығынның бәрін полк өтеді", - дейді олар.

Осы шағымның негізінде тексеру жұмыстарын жүргізуді өтінді полиция қызметкерлері. Жақын арада ғана жалақылары өскен қызметкерлер командирлерін қамтамасыз етуден жалыққан.

.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр