Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жұмыссыз отыра алмаймын": Бір бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған оралдық ер адам кәсіпкерлерден көмек сұрайды

Бірнеше жыл бұрын бейтаныс қызға бір бүйрегін берген оралдық Абзал Әділов қалалық кәсіпкерлерден жұмысқа орналасуға көмек сұрады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

27 жастағы Абзал Әділовтың сөзінше, биылғы жылдың шілде айында қаланың бұрынғы әкімі Мұрат Мұқаевтың қабылдауында болған. Сол кезде жұмыс іздеп жүрген Абзалға қала басшысы көмектесетінін айтыпты.

«Маған жақсы жұмыс керек. Сонымен қатар электрик мамандығы бойынша оқығым келеді. Мұрат Мұқаев көмектесетінін айтқан еді, алайда мен оын күтпестен супермаркетке күзетші болып орналастып. Себебі ипотекам бар. Алайда кассада қомақты ақша кем шығып қарыздың бәрін күзетшілердің мойнына ілмек. Мен жұмыстан шығып кетуді ұйғардым. Себебі айлығым – 70 мың теңге. Оның 43 500 теңгесі ипотеканы жабуға кетеді. Қалған ақша азық-түлікке, коммуналдық қызметтерді төлеуге, балаға жұмсалады. Әйелім балабақшада жұмыс істейтін. Алайда қазір бала күтіміне байланысты демалыста. Қазір жұмыссыз отыра алмаймын», - дейді Әділов. 

Ер адамның сөзінше, ол өзіне мүгедектік беруін сұраған. Алайда бас тартылыпты.

«Дәрігерлер бір бүйрекпен жүргендерге мүгедектік берілмейтінін айтты. Екінші бүйрегім істемей қалғанда ғана мүгедектік алуға жүгіне алады екенмін», - дейді ол. 

БҚО еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіндегілер Абзал Әділовтың жағдайымен таныс екендерін айтты. 

«Әділов бізге жүгінді. Біз оған мүгедектікті тағайындау ережелерін түсіндірдік. Біздің талаптар бойынша, екінші бүйрегінен ақау шығып, дұрыс жұмыс істеуі тоқтағанда ғана мүгедектік беріледі. Бұл бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты проблемалар болуы мүмкін. Егер ол осындай проблемаларға ұшыраса, тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, сол жерде 4 ай көлемінде қаралып, ем алып, оңалту курсын өтуі керек. Мұнан кейін денсаулығы оңалмаса, мүгедектік тағайындалуы үшін бізге жіберіледі», - дейді департамент басшысының орынбасары Ардақ Мұқанова. 

Абзал 4 қыркүйекте Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың қабылдауында болған.

«Біз сөйлестік. Ол менің мәліметтерімді жазып алып, апта соңына дейін жұмыспен көмектесетінін айтты», - дейді Әділов. 

Десе де ер адам қалалық кәсіпкерлерден жұмысқа орналасуға көмек сұрап отыр.

«Менің карталарымның барлығы бұғатталған. Күн санап несием өсіп бара жатыр. Үйде әйелім мен балам бар. Ауыр жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ. Алайда жұмыссыз қол қусырып отыра алмаймын», - дейді ер адам. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазан айында Абзал Әділов Шымкенттен келген Жамилә Байсеріковаға бүйрегін берді. Қызға шұғыл бүйрек ауыстыру отасы қажет болғанда Абзал ерікті түрде донор болды. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...