Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысшыларға көмектескен: Желіде Шөкеевтің шөп тиеген сәттегі суреті тарады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданында болып, жұмысшыларға шөп тиеуге көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшыларға көмектескен: Шөкеевтің шөп тиеп жатқан суреті тарап кетті

Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазып, суреттер жариялады. 

Өңір басшысы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған. Ол сапар барысында қолына айыр алып, шөп тиеді. 

Ол Шөкеевтің Шаян аулында өскенін және «бала күнінен ауылдың ауыр еңбегіне үйренгенін» атап өтті. 

Жұмысшыларға көмектескен: Шөкеевтің шөп тиеп жатқан суреті тарап кетті

«5 гектарлық шаруа қожалығында әр гектардан 25 центнер бидай орылды. Түркістан облысында шілде айының соңына дейін дәнді дақылдарды ору аяқталады», - дейді Қалқаманов. 

Айта кетсек, бұған дейін Өмірзақ Шөкеев комбайнның тізгініне отырып, бидай орған еді.

Талқылау