Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысшылардың сыйақыға қатысты наразылығына байланысты Теңізде арнайы комиссия құрылды

Жұмысшылардың сыйақы төлеуге көңілі толмауына байланысты Теңіз кен орнында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тениз ереуил 2

"11 ақпан күні сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кенішіндегі Үшінші буын зауытының 42-ші учаскесіне тартылған "Сенімді құрылыс" ЖШС-нің 200 жұмысшысы 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге біржолғы сыйлықақы төлеуге қатысты түсініктеме беруді талап етіп жиналды. Атырау облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды", - делінген сенбі күні тараған ақпаратта.



Комиссия құрамына "Теңізшевройл" ЖШС өкілдері, "Сенімді құрылыс" кәсіпорнының басшылығы мен жұмысшылары, мемлекеттік еңбек инспекциясының Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кірген.

ТШО (Теңізшевройл) өз кезегінде 500 мың теңгені еңбекақысы 8,4%-ға өспеген компания қызметкерлері алатынын атап өтті. Ал жалақысы көтерілген компания қызметкерлері 300 мың теңге алады.

Комиссия жұмысының қорытындысы кейінірек жарияланатыны атап өтіледі.

Еске салайық, жұмысшылар біржолғы сыйақыны бірдей төлеуді талап етіп ереуілге шыққан.

Ақберен Амангелді
Сенбі, 11 Ақпан, 2023 16:22