Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жұмысшы 90 пайыз күйіп қалды“: СҚО-да газ құю станциясында баллон жарылды

Солтүстік Қазақстан облысында газ құю станциясының жұмыскері ауыр жарақат алды. Оның денесі 90 процентке күйіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 


Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жұлдыз Есенғазиннің айтуынша, бұл оқиға Явленка ауылында болған. Газ құю станциясында бес литрлік газ баллоны жарылды.

"Станцияның 42 жастағы жұмыскері газды өлшеуге арналған бес литрлік баллонды оператор отыратын бөлмеге кіргізген. Оны баттареяның жанына қойған. Содан баллон жарылып, артынан өрт басталған. Ер адамның денесі 90 пайызға күйіп қалды", – дейді Жұлдыз Есенғазин.

Қазіргі кезде зардап шеккен жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бақытнұр Шерикбай
Сәрсенбі, 15 Ақпан, 2023 10:11