Жұмысқа шықпай қойды: Семейде автобус жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етті
Семейде автобус жүргізушілері 6 ақпан таңертең жұмысқа шығудан бас тартып, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Семавтопарк" ЖШС және "Автотрансемей" ЖШС жүргізушілері автобус паркінен шығуды тоқтатып, маршруттарды бұзды. Наразы жүргізушілер жүктемені азайтып, жалақыны көбейтуді талап етті.
"Автобус жүргізушілерінің жалақысы 40%-ға дейін көтерілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан, бір топ адам автобус паркінен шыққан кезде қозғалысты әдейі жауып тастады", – деп түсіндірді әкімдік.
Автобус паркінің басшылығы жалақы төлеу бойынша қарызы жоқ екенін, ақпан айынан бастап жалақыны ұлғайту бойынша есеп айырысулар дайындалғанын хабарлады.
"Семей қаласының әкімдігі дереу әрекет етті, бұзушылыққа жол берген қызметкерлермен әңгіме жүргізді, автобус паркінің басшылығына бұдан былай мұндай бұзушылықтарға жол бермеуге, адамдар тобын қолданыстағы заңнама шеңберінде белгіленген жауапкершілікке тартуға ұсыныстар берді", – делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік