БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған: Демалыста жүрген жас жұбайлар өлімі анықталуда

Техастық жас жұбайлар Фиджидегі демалыс кезінде жұмбақ аурудан қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеп хабарлайды.

туристы

Форт-Уэрт қаласында тұратын жас жұбайлар Дэвид пен Мишель Пол тропикалық аралда болған алғашқы күннің өзінде ауырып қалған. Олар өз отбасына кетуден бір күн бұрын денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы хабарлаған және артынша Мишель қайтыс болған. Дэвидті одан әрі емделу үшін Австралияға жеткізу керек еді, алайда ол көп ұзамай қайтыс болады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі туристердің өлімін растады және олардың отбасыларына көңіл айтты.Қаза тапқандардың туыстары, олар вирус жұқтырып алды деп санайды, себебі Фиджи үкіметі туристерді жұқпалы аурудың өршуі туралы бұған дейін ескерткен. Фиджи билігі орын алған оқиғаны тергеуге кірісті.

2018 жылдың тамыз айында 69 жасар Джон Купер және оның 63 жасар әйелі Сьюзен жұмбақ ауруға байланысты Хургада Aqua Magic Hotel қонақ үйінде қайтыс болған еді. Бастапқыда билік олар табиғи өліммен қайтыс болғанын хабарлады, алайда олардың қызы оның ата-анасы сау болғанын мәлімдеген. Бұл оқиғадан кейін Thomas Cook операторы қонақ үйден 300 туристерді эвакуациялаған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр