Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдызымыз еді": Оралда көлік қағып көз жұмған 10 жасар қызды жерлеуге жүздеген тұрғын жиналды

Оралда көлік астына түсік көз жұмған 10 жасар қыздың денесі жер қойына тапсырылды. Марқұмды жерлеу рәсіміне қаланың жүздеген тұрғыны жиналды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгін, 22 қарашада, туыстары 10 жасар Айару Ермектің денесін жер қойнына тапсырды. Отбасыға көңіл айту үшін жүздеген оралдық тұрғын марқұм қыз тұрған үйдің маңына жиналды. Олардың дені көз жасын тыя алмады. Сол жерде жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері кезекшілік етті. 

Қапияда көз жұмған қыздың туыстары болған жағдайға әлі де сене алар емес.

«Айару өте пысық қыз еді. Болған жайтқа әлі де сене алмай жүрміз. Ол жан-жақты болатын. Спортпен, бимен, гимнастикамен айналысты. Түрлі сайыстарған қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Айару біздің жұлдызымыз еді. Алайда тағдыры осылай болды. Ажал бізді одан айырды», - дейді марқұмның туысы Роза Түменова. 

Еске сала кетсек, жол апаты 20 қараша күні Нұр көшесінде орналасқан ықшамаудандардың бірінде орын алған. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатқан 10 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетіпті. Салдарынан қыз алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды.

Артынша мәйітхана қызметкерлері жол апатынан қайтыс болған 10 жасар қыздың денесін қателікпен бейтаныс адамдарға беріп жібергені хабарланды.

Талқылау