Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыздікі дұрыс": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің арасына түспейтінін жеткізді

Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің арасына түспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Продюсер балаларының арасына түсіп, жеке өмірлеріне араласпайтынын айтты. Керісінше ене ретінде кейде екеуінің татуласуына себепкер болатын көрінеді. Келіндерін тәрбиелеп, ұлдарын мейірімді болуға шақыратын продюсер өзінің жақсы ене екенін айтқысы келген. 

"Еш уақытта күйеуіме немесе балама келінімді жамандамаймын. Олар қате айтса да, жауып жіберуге тырысамын. Өйткені олардың жүрегінде қалып қояды. Дереу сырқа шығып, хабарласып айтып қоямын. Жұлдыз мен осылай айттым, сөзіміз бір жерден шықсын деп ескертемін. Жұлдыздікі дұрыс, оны түсінуің керек деп Қайратқа да ұрсып тастаймын. Бірақ, оны келінімнің өзіне айтпаймын", - дейді Гүлзира Айарбекова. 

Бүгінде екі келіні бар Гүлзира Айдарбекова тұңғышының әйелін қалай таңдағанын айтып берді. Қайрат Нұртас келіншегіне өлердей ғашық болған көрінеді. Өнер иесі ұлының артынан талай қыздың жүгіргенін де айтып мақтанған. 

"5 саусақ бірдей емес. Әр қыздың мінезі әртүрлі. Оны қандай ана тәрбиелегенін білмейсіз. Ол анасына да байланысты. Жұлдыздың анасын бір мәрте көрдім. Сосын Қайратқа бұл қыздан басқа ешкімді көрмеймін дедім. Кейбір қыздар жылап, артынан жүгірді. "Мама, не істеймін, жылап жатыр, өлейін деп жатыр. Бірақ Жұлдызды жақсы көремін" деді. Қайрат Жұлдызды қатты жақсы көрді. Ол маған бірден ұнады", - дейді продюсер.

Талқылау