Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мақтаншақ деп қаларсыздар": Тойында 5 мың доллардың көйлегін киген жұлдыздар кім

Жаз мезгілі – той маусымы! Аталған науқанның қарсаңында отандық шоу-бизнестің бикештері той көйлегін таңдаудағы тәсілдерін және өздерінің бастан өткерген құпиялары мен қызықтарын көпшілікке бөліспекке бекінді. Stan.kz тілшісіне сырларын ақтарған жұлдыздардың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған тың ақпараттарын назарларыңызға ұсынамыз.

ЖұлдыздарАлғашқы кейіпкеріміз – Зарина Омарова. 2007 жылдың жазында ақ келін атанған әнші той көйлегінің құнын әлі ұмытпаған. Алматының қақ төрінде өткен екі жастың қуанышына жарты миллионға жуық меймандар ортақтасқан көрінеді.

«Менің той көйлегімді анам және сіңілім үшеуіміз таңдадық. Мені мақтаншақ деп қалатын шығар. Той көйлегімнің бағасы 5 мың доллар болды. Ұзату тойға 400 адам, үйлену тойға 500 адам келді. Есте қаларлық той өтті. Алматыда сирек кездесетін той болды.

Зарина Омарова

Менің той көйлегім әлі үйде жатыр. Қымбат тастармен көркемделген көйлегімді сақтап қойдым. Ол уақытта өте сирек кездесетін нәрселер еді. Оның бәрін шет елден тапсырыс беріп алдыртқанбыз. Өйткені, ол үлкен бір естелік деп есептеймін. Сондай бір керемет көйлек кигенім есімде», - дейді Зарина Омарова.

Той көйлегі туралы тақырып талқыға түссе, Мәдина Сәдуақасованың шығар жаны бөлек. Өйткені, осыдан 5 жыл бұрын тұрмысқа шыққан бикеш, айтулы күнге екі бірдей келін көйлегін сатып алған.

Мәдина Сәдуақасова

«Менің бес жыл бұрынғы той көйлектерімді таңдауым бір жыр болды. Бір емес, екеу болды. Бірінші көйлек өзімнің жолдасымның таңдаған, дүкеннен сатып алған классикалық үлгідегі көйлек. Екіншісі, менің құрбымның көйлекке көбелектерді үстіне жатқызып, ерекше дизайнмен тіккен көйлек болатын. Екеуін де кидім. Бағасы есімде жоқ. Ол кезде баға да мүлдем басқа, доллар да басқаша еді. Біз үйленгеннен кейін доллар ауысып, сондай бір ақшаның құнсыздануы басталды ғой», - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Ал, Әуелбекованың әуелгі некесі сәтсіз аяқталса да, Мөлдір өміріндегі ерекше күнді ұмыта алар емес. 2015 жылдың желтоқсанында ақ босаға аттаған әнші, өзінің қалауымен қиялындағы қалыңдықтың киімін тіктірген. Бірақ кейін тойда киген көйлегін арнайы дүкендерге сатып жібергенін жасырмайды.   

Мөлдір Әуелбекова

«Той көйлегін өзім таңдадым және ұзақ таңдадым. Арнайы тіктірілген көйлек болды. Солай болу керек деп есептедім. Бағасын айта алмаймын. Кейін ол той көйлекті мен жалға беретін дүкенге саттым. Ол көйлекті бірталай қалыңдық кигенін де білемін, көрдім де. Өйткені, маған жіберіп тұрады. Мен өзім әр қыз тұрмысқа шығып, ұзатылып жатса қатты қуанамын. Әрдайым бақытты болса екен, үй болып кетсе екен деп іштей тілеп тұрамын», - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Динара Сұлтан осыдан 10 жыл бұрын ақ келін атанған. Бүгінде бес баланың анасы. Әншінің сөзіне сенсек, той көйлегін таңдау процесі өте тартысты өткен секілді.  

Динара Сұлтан

«Менің той көйлегімді анамыз екеуіміз таңдадық. Маған ұнағанымен, анама ұнамай қалған сәттер де болды. Неше түрлі пікірталас туындады. Сол күні әлі есімде болғанымен, бағасын ұмытып қалыппын. Бірақ той кәдімгі қазақтың тойы сияқты өтті. Ақ көйлекпен әрине. Сіздер жақтан 20 адам келгені дұрыс деді. (Күледі.) Біздің жақтан келін көйлек киген тойға көп адам келе алмады», - дейді Динара Сұлтан.

Талқылау