Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз үшін бәріне рұқсат: Алла Пугаева перронда көлікпен жүріп пойыз алдынан бір-ақ түсті (видео)

Миллиондаған тыңдарманның жүрегінен жол тапқан әнші, ресей эстрадасының Примадоннасы Алла Пугаева ерсі әрекетімен көзге түсті. 

Желіде Алла Пугачеваның перронда көлікпен жүріп, пойыз алдына дейін барған сәті жарияланды. Видеоны куәгерлер түсіріп, кейін желіге жүктеді. Роликтен Ресей халық әртісінің Мәскеудегі теміржол вокзалында люкс класты көлікпен пойыздың алдына дейін барғаны анық байқалады. Пойыз Мәскеу-Рига бағытында жүреді. 

Желі қолданушылары бірден жағымсыз пікір жаза бастады. Олар әншіні ұятты қылық істеді деп айыптады. Алайда қарсы пікір жазып, қорғағандар да табылды. 

Көпшілігі перронда көлікпен жүруге тыйым салынбайтынын айтты. Тыйым салынғанның өзінде халықтың сүйікті әншісі үшін бәріне рұқсат екенін жазып жатыр. 

Кейбір желі қолданушының пікірінше, егде жастағы әнші өзін нашар сезінуі мүмкін. Денсаулығына байланысты пойыз алдына көлікпен жетті деп топшылайды. 

Талқылау