БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сириядан елге 171 бала қайтарылды (видео)

Қазақстан азаматтарын Сириядан қайтару операциясы үшінші рет 28-31мамыр аралығында жүзеге асты. Президент өз еліне оралған қазақстандықтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

"Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда "Жусан" арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті тобы оралды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмекті алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды", — делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, ең алғаш рет Тоқаевтың нұсқауымен Сириядан 231 қазақстандық елге жеткізілді. Терроризмге қатысы бар деп 20 азамат ұсталды. Сириядан оралған қазақстандықтар өзге мемлекетте жүріп қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр