Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Вадим Борейко операторының көлігін өртеген күдікті ұсталды

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігін өртеп жіберді деген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты Алматы қалалық соты растады.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынған. Мұндай санкцияны Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған.

"Биыл 23 ақпандағы сот ұйғарымымен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді қалалық сот.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 18:33
Талқылау