Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Нұрсұлтан Құрман жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

©instagram.com/nursultan_qurman

“Құрман отандық спорт жанкүйерлеріне танымал. Құрман ұзақ уақыт бойы футзалдан және футболдан Қазақстан чемпионатын белсенді түрде жариялады.

2021 жылы Нұрсұлтан Құрман медиа тұлғалар арасында футзалдан әуесқойлар лигасын құрып, содан бері чемпионаттың ұйымдастырушысы болды.

ҚФҚ вице-президенті лауазымында Құрманның міндеттеріне Қазақстан Чемпионаты, Кубогы, Суперкубогы, дайындық топтары арасында ҚР біріншілігі матчтарының трансляциясын ұйымдастыру, сондай-ақ ҚФҚ медиа және маркетингін дамыту сияқты функциялар кіретін болады”, – делінген хабарламада.

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Маусым, 2023 07:41