Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист: Адамдар “Қалаулымды” өздері көріп алып, сосын жамандайды

Қазақ журналисі Данияр Есен “Қалаулым” бағдарламасы мен оның көрермендерін сынға алды. Бұл бағдарламаны көргенше, уақытыңды бала тәрбиесіне бөл деген кеңес берді.

Журналист: Адамдар "Қалаулымды" өздері көріп алып, сосын жамандайды

Журналист бұл бағдарламаны жамандау арқылы оның жарнамасын арттырып жатқан көрермендеріне сын айтты. Одан өзге бағдарламаларды көруге шақырды.

“Мен кейбір адамдарға кәдімгідей таңқалам. “Қалаулым жаман“, “Анау жаман“, “Мынау жамандегенше, көрмейақ қоя салуға болады ғой солардыҚазір бұрынғыдай, Советский Союздағыдай бірақ телевидение емес қой. Таңдау көп! Мың арна бар. “Дождьсияқты керемет Интернет арналар бар, youtube бар, Фейсбук бар, Инстаграм бар, қала берді әлЖәзира, BBC, CNN, EuroNews бар. Қазақ Радиосы қандай керемет тәлімі мол бағдарламалар береді. Соны тыңдасынАл, біздікілер айналып келіп, өздері көріп, өздері жамандайды.
Олар әдейі істейді. Адамдар жамандаса екен, сөз қылса екен деп істейді. Ал, сен астыртын жарнама жасап отырсың. Олар туралы еш жерде айтылмаса, өздеріақ керексіз болып қалады. Қара Пиар да Пиар. Одан да көрме! Жүйкеңді тоздырма! Ең жақсысыкітап оқы! Бос уақытың болса, уақытыңды балаларыңа бөл!”, – деп жазды Данияр Есен желіде.

Желі қолданушылары да оның сөзін қостап, сан алуан пікірлер айтты. Бағдарламаны көретін де, көрмейтін де көрермендер табылып жатты.

“Теларналардан жақсы дүниелер көрсетсе халық соны көреді,ал енді халыққа пайдасы жоқ сапасыз шоулар керек емес кәзір бұрынғыдай арналар аз емес көп бірақ сапасы жоқ бұрын бір екі арнағана болсада жанұсымен ұялмай көреалатын халық ал кәзір телеарнада қарамайды халық неге деген сұрақ туындайды өйткені сапасыз қоғамға пайдасы жоқ туындылар” деп жазды қолданушының бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау