Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маған тоқал бол: Жүргізушіге тікелей эфирде ұсыныс жасалды

Еуразия бірінші арнасының тікелей эфирінде тұрғын хабарласып, арнаның жүргізушісіне тоқал болу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еуразия

Қазақстандық арулар екінші әйел болуға тұрмыстың төмендігінен көндігеді екен. Және осы арқылы тек өзіне ғана емес, туыс-туғанына көмектесуді көздейді! Нарықта еңбек етуге бәсеке төмен бе әлде айлық аз ба? не себепті нәзік жандар өз құқығын тежеуге мәжбүр? Жеңіл ақша табуды көздеген бойжеткендер бай-бағлан азаматтарды да аңдып, танысудың түрлі амалын жасауда. Тіпті, ғаламторға емін-еркін ашық хабарлама қалдырып, бір күндік ақысын да жазып қойған. Елордаға келген бойжеткендердің арасында жеңіл ақшаны табуды көздейтіндер көп. Қазіргі қазақ қоғамында өршіп тұрған дәл осы мәселе сол күнгі эфирдің тақырыбына арқау болыпты. 

Тікелей эфирде жұмыс жасайтын бағдарламаға көрермен хабарласып, дүйім жұрттың алдында жүргізушіге тоқал болуды ұсыныпты.

"Гүлнәзия ханым, сізге бірнеше рет әлеуметтік желіге жащып едім жауап бермедіңіз. Сізбен танысқым келіп жүргелі көп болды. Сізді тоқалдыққа алайын, қалай қарайсыз?", - депті хабарласқан көрермен. 

Мұндай ұсыныс алам деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген бағдарлама тізгіншісі бағдарламаны ары қарай жалғастыруға тырысып бақты. Десек те журналисттің ұялып қалғандығы байқалды. 

"Тақырыпты әрі қарай жалғастырайық, бізге мұндай да көрермендер хабарласып жатады, мән бермеңіздер", - деді абдырап қалған арна жүргізушісі Гүлнәзия Жалғасқызы.

 

Талқылау