Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші жолда тайып құлап қалған әйелді әдейі қағып өтті (видео)

Ресейдің Ярославль қаласында Lada Granta маркалы көлік жүргізушісі әйелдің жолды кесіп өткенін күтпестен, бағдаршам белгісі өзгерген бойда жүріп кетіп, жүргіншіні қағып өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

ЖКО видеоға түсіп қалған. Видеоны Евгений Жаворонков есімді қолданушы Facebook желісінде жариялады.

Видео кадрларынан көліктер үшін бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде әйелдің жолдан өтіп бара жатқанын көруге болады. Алайда жолда аяғы тайып кеткен әйел құлап қалады. Осы кезде көліктердің бірінің жүргізушісі әйелдің орнынан тұрғанын күтпестен жүріп кетіп, әйелді қағып өтті. Видеоға қарағанда, әйел қатты соққы алған тәрізді.

Оқиға куәгерлері зардап шеккен әйелге көмектесуге асықпаған. Тек біраз уақыттан кейін өзге адамдар келіп, орнынан тұруына көмектескен.

Ал желі қолданушылары Lada Granta көлігінің жүргізушісінің әрекетіне ашуланды.

Желіде видеоны жариялаған Евгений Жаворонковтың айтуынша, облыстық Мемлекеттік автоинспекциясы ЖКО-сынан 45 жастағы жергілікті тұрғын хардап шеккенін мәлімдеген. Қазіргі уақытта мекеме оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оны бірнеше сағат бойы өз көлігінде алып жүрген

Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы

GetContact-ке кірген деректер желіде тарап кетті

Талқылау