"Жүргізуші куәлігін алып береміз деді": Астанада жиырма тұрғын алаяқтардың құрбаны болды
Жүргізуші куәлігін сатып алғысы келген Астана тұрғындары Telegram-каналда “емтихан тапсырмай-ақ куәлік алып береміз” деген алаяқтарға алданып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар мемлекеттік органдарда танысымыз бар деп емтихан тестін сәтті тапсырып беруге уәде еткен.
Оларға тек арнайы ХҚКО-ға келіп, жауаптарды кездейсоқ белгілеп, тест тапсыру керек деп айтты. Алаяқтар ол үшін 50-ден 360 мың теңгеге дейін ақша алды, оны жәбірленушілер банк қосымшасы арқылы аударды. Емтихан тестін тапсыра алмағандар полицияға жүгінді. Жиырма адамның алданғаны анықталды.
27 және 33 жастағы екі ер адамды ұсталды. Ал алаяқтарға 16 жастағы жасөспірім көмектескен.
"Іс жүзінде ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар бұрын осындай қылмысы үшін сотталды. Елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", – делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген