Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Алматы қаласындағы көшелердің бірінде болған дау-дамайдың видеосы желіде қызу талқыға түсіп, полицияның қызығушылығын тудыртты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: Видеодан скриншот

Екі әйел сөзге келіп қалып, арты дауға ұласқан. Видеодан ашуға бой берген  жүргізуші әйелдің басқа адамның көлігін сындырып жатқанын көруге болады. Ал, темір тұлпардың ішінде отырған әйел оның іс-әрекетін видеоға түсіріп, полиция қызметкерлерін шақыратынын айтады. 

Сондай-ақ камераға ызаға булыққан әйелдің көлік айнасын, терезе сүрткіштерді сындырғаны, өртсөндіргіштің көмегімен алдыңғы айнаны сындырғаны түскен. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KOLESA.KZ (@kolesa.kz)

Алматыдағы полиция департаментінің баспасөз қызметкерлері  осы оқиғаның 22 қазанда, Әуезов ауданында орын алғанын айтты

Бұл фактіні Әуезов ауданындағы полиция бөлімі ҚР ҚК 293 бабы (Бұзақылық) бойынша қарастырып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ашушаң жүргізушіге шамамен 2000 айлық есептік көрсеткіш (бес миллион теңгеден көп немесе 12 мың доллар) көлемінде айыппұл салынады немесе ол түзеу жұмыстарына тартылады. Сонымен қатар, бұзақылық жасағаны үшін ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Оқиға аясында мән-жайы анықталып, құқықтық бағасы беріледі", — деп жазылған хабарламада. 

Зерттеу кезінде сәйкесінше сарапта жұмыстары жүргізіледі. 

Талқылау