Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жүректерге иман бер": Гүлнұр Оразымбетова ұшақтағы оқиғаны айтып сүйсіндірді

Гүлнұр Оразымбетова ұшақтағы оқиғаны айтып жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші жақын арада ғана Талдықорғанда концерт беріп, жұрттың ықыласына бөленген. Ән сапардан қайтып келе жатып ұшақта жан тебірентерлік оқиғаға куә болған. Қайырымдылық концерт беріп, емге қаражат қажет еткен балаларға қолдау көрсеткен Гүлнұр Оразымбетова оқиға туралы айтып, жұрттың жүрегін елжіретті.

"Жаңа ғана ұшақтан түстім. Жанымда қазақтың екі азаматы отырды. Жас шамасы 21-22- лерде. Алғашында байқамадым. Жүрегім езілді. Туа пайда болды ма екен. Бір жігіттің екі қолы жоқ. Екіншісі аяқ-қолы сау. Бірақ, өте қиналып сөйлейді. Ұшақтың тамағы келді. Жанымда отырған жігіт досына тамағын беріп алды әуелі, сосын өзі жеді. Жаным-ай, жүрегіңнен сол мейірімге толған", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Екі жігіттің бауырмалдығын көрген әнші не істерін білмей қалғанын да жасырмады. Көп адамның бойынан көре бермейтін сыйластықты, кішіпейілділік пен бауырмалдықты көріп, куә болған Гүлнұр Оразымбетоваға бұл оқиға қатты әсер еткен.

"Мен не істерімді білмей, алдындағы сулы салфетканы ашып, аузын сүртіп жіберші дедім. Маған қарап күліп, раxмет деді. Қазақша сайрап отыр. Сөмкемді ашып, дұғамды оқи бастадым. Көзім жасқа толды. Соңғы күндердегі шаршағаным ба, әлде жүйкем сыр берді ма? Жоқ-жоқ... Екі азаматтың қазіргі уақыттағы көбімізге жетіспейтін ерекше бауырмалдығы, көз алдымда болған көрініс жүрегіме қатты әсер етті, қатты. Алла тағалам жүректерге иман бере көр. Мейірімнен айыра көрме адам баласын", - дейді өнер иесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр