БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жүрек жарылуға сәл қалды": Ерке Есмаханның өзгені құтқарып, ажал құшқан полицейге арнаған бейнебаяны жұртты жылатты

Бірнеше әсем әндерімен көптеген қазақстандықтардың жүрегін жаулаған Ерке Есмаханның су жаңа бейнебаяны халықтың ыстық ықыласына бөленді, деп жазады Stan.kz

фото: erke_esmahan

Шынайы оқиғаға негізделген клип Атырауда қызды құтқарамын деп суға батып кеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтың рухына арналған. "1001 күн" клипінде марқұм полиция қызметкерінің махаббат оқиғасы баяндалған. 

"Ешбір ана баласын жоғалтпасын! Ана жүрегіммен бар тілерім осы. Маxаббат... Шын ғашықтар қосылып, бірге болсын! Осы туындым арқылы қазіргі заманның батырына әнші ретінде және ең бастысы, адам ретінде  адам ретінде көрсеткен құрметім!", — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында

Өз кезегінде әншінің тыңдармандары мен өзге де желі қолданушылары әнді тыңдап, клипті көріп, көздеріне еріксіз жас алғанын бір-бірімен жарыса жазды.

"Керемет туынды. Жүрек жарылуға сәл қалды. Өнеріңе сәттілік, жаным", "Басқасын білмеймін бірақ менің жүрегімнің түбіне дейін бойлады, өте әсерлі, сізді құрметтеймін, өте еңбекқорсыз", "Шалқар батырымыздың жаны Жәнатта болсын, Ерке, өте әдемі іс", — деді әншіге риза болған қазақстандықтар. 

ҚР ІІМ де пікір білдірушіден қалыспай, әншіге рахметін жеткізді. 

"Өз өмірін қиып өзгенің өмірін ажалдан арашалап қалған ержүрек қызметкерлеріміздің бірі Шалқар Ақымғалиевке өз тарапыңыздан көрсеткен құрметіңіз үшін алғыс білдіреміз! Халық өз батырларын білуі керек. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін!" — деді. 

Клип көрерменге үш күн бұрын жол тартса да, бір миллионға жуық, нақтырақ айтқанда  852 мыңнан аса қаралым жинаған.

"1001 күн" туындысының әнін Диана Исмаилова, ал сөзін Қайнар Алагөзов жазған. Клипте басты рөлдерді Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Ербол Семқұлов сомдаған. Осы жобаға дейін Тілеубай мен Семқұлов "Сүйе білсең" телесериалында бірге ойнаған. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр