Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегіне ота жасап, босандырып алды: Шымкенттегі дәрігерлердің ерлігі

Шымкентте аяғы ауыр ананы дәрігерлер өлім аузынан аман алып қалды. Ақ халаттылар жүкті әйелдің жүрегін жеті сағат бойы тоқтатып қойып, ота жасаған. Жүрекке ашық түрде жасаған ота кезінде дәрігерлер аяғы ауыр ананы кеср тілігі арқылы босандырып алыпты. Өмірдің тәтті екенін енді сезіндім деген ананың да,  оның ұлының да қазір жағдайы жақсы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жүрегіне ота жасап, босандырып алды: Шымкенттегі дәрігерлердің ерлігі

Айы-күні жақындап қалған Элмира Атабаева ойда жоқта күйзеліске тап болып, қан қысымы жүз жексенге көтеріліп кетіпті. Бұдан соң жүрек тұсынан ауырлықты сезінген. Саулығынан секем алған, 35 жастағы келіншекті жедел жәрдем перзентханаға жеткізген. Ал, ондағы дәрігерлер жүрегінде ақау бар екенін байқап, кардиохирургиялық тексеруге жібереді. Мұнда диагнозы расталып, жүрекке ашық түрде операция жасалады.

«Өзінен-өзі жүрегім қысылып, аяқтарым тартыла бастады. Қайта көршіміз жедел жәрдемде жұмыс жасайтын еді. Сол дәрігерлерге қоңырау соғып, ауруханаға жетуіме көмектесті» -дейді  Элмира Атабаева.

Дәрігерлер бұл отаның аса күрделі болғанын айтып отыр. Өйткені, қолқа тамырының жыртылуы көбіне өліммен аяқталады екен. Оның үстіне науқастың жүктілігі тәуекелділікті күшейтті дейді мамандар. Сондықтан бірінші кезекте, кеср тілігімен ота жасалып, шарананы дүниеге келтірдік деп отыр.

«Баланың салмағы үште алты жүз. Аман-сау болып туылды. Ұл бала. Оны перзентхана бөліміне көшірдік», - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Бұдан соң жүрекке ашық түрде операция жасалған. Дәрігерлер жүректі уақытша тоқтатып қойып, жасанды жолмен қан айналымын реттеп отыратын құралдың күшімен қолқа тамырының доғасына ота жасаған. Мамандар осындай аса күрделі операция кезінде науқастың дене температурасын он алты градусқа дейін төмендеттік деп отыр.

«Жалпы операцияның уақыты орташа жеті сағатқа жуық болды. Сол операцияның нәтижесінде науқастың жағдайы жақсы», -деді Шымкент қалалық кардиохирургиялық орталықтың бас дәрігері Ермағамбет Қуатбаев.

Айта кету керек, науқасқа операция тегін жасалыпты. Оның құнын әлеуметтік медицина сақтандыру қоры көтерген. Жалпы, бұндай оталар екі миллионнан жоғары тұрады дейді қор өкілдері.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті доцент Олег Соколовты "азғындық қылығы үшін" қызметінен босатты

Оқытушыны орнынан босату туралы қаулы 11 қараша күні жарық көрген

Қызға таласқан: 15 жастағы жасөспірім қаза тапқан оқиғаның себебі анықталды

Қыз өзін ренжіткен сыныптасын жігітіне айтып берген

Көлікті 13 жасар бала айдаған: Ақтаудағы жол апатынан бір адам көз жұмды (видео)

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам жарақаттанып, оның біреуі өлім құшты

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев CNPC басшысына тапсырма берді

Президент қазақстандық үлесті арттыруға байланысты бірқатар міндеттер жүктеді

Сағатына 7 отбасы: Елімізде күніне 150 жұп ажырасады

Қоғам белсендісі: Тойда құдағиына қызын тапсырып, тәрбиелеңіз дейтіндерге қарным ашады

Мамандар: 6 айдан асқан сәбилер жұмыртқа, ет өнімдерімен қоса дәуірмендері бар көкөністер жеу керек

Соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған

Тыныс алуы нашар болды: Ер адам 20 жыл бойы мұрнына тіс өскенін байқамаған

Дәрігерлер науқастың мұрнынан тісті алып тастады

Қазақстандық банктер пайыздық мөлшерлемелерді қашан төмендетеді

Бұл туралы Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты

"Көріп тұрып амандаспай өтіп кететін едік": Қызы Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы

Құралай Нұрқаділова әке мен қыздың арасына түсушілердің болғанын жасырмады

Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті саны шынымен киелі ме? Нумеролог түсіндіреді

Нумеролог әр адамның тағдырын айқындайтын санды қалай анықтауға болатынын көрсетті
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр