Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегіне ине қадалған сарбаз әлі мүгедектік жәрдемақы ала алмай жүр

Әскерде жүріп, жүрегіне ине қадалған Самат Нұрқожаұлы әлі күнге мүгедектік жәрдемақы ала алмай жүр екен. Жүрегін 16 минутқа тоқтатып қойып тұрып инесін алғаннан кейін сарбаз болуға жарамсыз деп танылған бозбала қазір жұмыс та істей алмайды. Ал, еңбекке жарамсыз екендігін дәлелдемек болып барған мемлекеттік мекемелер бір-біріне сілтеп, соңында Нұр-Сұлтанға бағыттап жіберген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап. 

сарбаз

Саматтың жарасы әлі де толық жазылмаған. Балдаққа сүйенген анасы сау баласын кемтар қылғаны үшін өтемақы сұрамаймын, ең болмаса еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы берсе дейді.

«Өзім екінші топтағы мүгедекпін. Балам кішкене жүрсе, жұмысқа қосайық десек мұрнынан қан кетеді. Бір жыл болды, балам әлі күнге дейін емін алған жоқ. Ауырған жағдайда дәрісін өзім алып беремін. Менікі де айналдырған 45 мың теңге ғана. Маған өзіме де дәрі алу керек, оған ақшам жетпей қалады», – дейді анасы.

Туыстары Саматты мүгедек деп тану үшін құжаттарды ауруханадан шыға салысымен Алматыдағы әскери комиссариатқа өткізіпті. Ондағылар биыл бала борышын өтеген әскери бөлімнен анықтама сұратқан. Оны алып келгеннен кейін қай ауруханада ем алса, сондағыларға барыңыз деп шығарып салған. Содан жәбірленушілер Нұр-Сұлтандағы әскери госпитальға келген. Ондағылар да екі-үш күн сабылтқан соң, біз қарамаймыз деп, қайтарып жіберген.

«Қай жерге барарымды білмеймін. Құжаттары қолымда. Енді қай жерге барамын?», – дейді көзіне жас алған анасы.

Гүлнәр Өтегенованың айтуынша, Қорғаныс министрлігі Әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы мүгедектік тағайндауды ұсыныпты. Алайда, ашынған ана «балам далада жүріп емес, әскерде жүріп мертікті. Сондықтан әскери мүгедектік аламын» дейді. 


 

Талқылау