Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі тоқтап қалды: Шымкенттегі перзентханада жаңа туған нәресте көз жұмды

Шымкентте облыстық №2 перинаталдық орталықта дау шықты. Қала тұрғыны немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуынша, перзентхана қызметкерлері салғырттық танытып, шұғыл түрде кесір тілігін жасамаған.

Жүрегі тоқтап қалды: Шымкенттегі перзентханада жаңа туған нәресте көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Гүлнар Тастанбекованың айтуынша, оның жүкті қызы өткен аптаның жұма күні перзентханаға түскен. Ол кезде бәрі дұрыс болған екен. Алайда арада бірнеше күн өткеннен кейін келіншектің толғағы басталыпты. Келіншектің анасы осы кезде дәрігерлер салғырттық танытып, шұғыл түрде кесір тілігін жасамады дейді. Соның салдарынан жаңа туған нәрестенің жүрегі тоқтап қалған.

Алайда өңірлік денсаулық сақтау басқармасындағылар келіншектің өзін құтқару керек болғанын айтады. Олардың сөзінше, пациент босану кезінде аса ауыр жағдайда жатқан.

«№2 перинталдық орталықта болған қайғылы жағдай туралы айтсақ, пациент бізге жұма күні түсті. Ол бірнеше күннің ішінде қажетті тексерулердің бәрінен өтіп, УДЗ-ға түсті. Дәрігерлер жаңа туған нәрестені үш күн бақылады. Сонымен қатар барлық процедураны жүргізді. Алайда ол шетінеп кетті. 

Толғақ кезінде әйелдің өміріне қауіп төнді. Сондықтан дәрігерлер, бірінші кезекте, босанушы әйелді құтқарды. Ал нәрестенің өліміне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр», - дейді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Малика Абдалиева.

Талқылау