Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізушілікке күйеуі Қайраттың арқасында келгенін мойындады

«Инстаграм» парақшасында бір миллион оқырманы бар Жұлдыз Әбдікәрімованың аккаунты бүгінде жағымсыз жазба қалдыратын алаңға айналған. Бастапқыда хэйтерлердің пікірін оқымауға тырысатын Қайрат Нұртастың жұбайы қызы Алауға қатысты сынға қатты ашуланған. Жуырда танымал жанұяның кіші бұрымдысы Анталияда өткен байқауда «Мисс олимпиада» атанған еді. Алайда, оқушының жетістігі желідегілерге жақпай қалса керек. Оқырмандары Алаудың ата-анасын айыптаған. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген Жұлдыз көпшіліктің сынына жауап беруді жөн көрді.

Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізушілікке күйеуі Қайраттың арқасында келгенін мойындады

«Жақында ғана қызымның Түркияда «Мисс олимпиада» атанғанын желіге салған болатынмын. Сол посттың астында жазылған пікірлердің біріне жауап бергім келіп тұр. Сатып алдыңыздар ма дейді. Бұл өте күлкілі. Себебі, сатып алмақ түгілі мен қызымның өнер көрсететінін білген жоқпын. Олар бірнеше баламен олимпиадаға барды. Егер мен қызыма қазірден бастан сондай жемқорлықтың бар екенін айтатын болсам, болашақта одан қандай үміт күтемін..? Соны әрбір ата-ана ұмытпаса екен. Баласына ондай нәрсені істемесе екен. Негізі сондай пікірлер жазатындар – баланың тәрбиесін бұзатын адамдар. Тек бір жақты ойламай, жан-жақты ойлау керек. Ал Алаудың өзі сахнаға шығып өнер көрсеткісі келген. Ұстазына ұсыныс тастаған екен. Басқа елдердің балалары шығып жатқан кезде, менің қызым қарап тұра алмаған. Бұл білім сайысындағы пәннен тыс, «Мистер және Мисс олимпиада» байқауы. Оған қызым тосыннан қатысқан. Бас жүлде алды. Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Енді әр адамның санасына берсін. Дегенмен де, ұрпақты олай құртпаса екен», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Алау Қайратқызы

Жұлдыздың жеке парақшасына жазылған жағымсыз пікірлердің саны мұнымен шектелмейді. Инсаграмда тележүргізушілік қырына қатысты кереғар сөздер де көп көрінеді.

«Тележүргізуші ретінде жұмысқа кірген кезде апаларымыз көп сын айтып жатты. «Жұлдыз, мына жерің дұрыс, бірақ мынаны түзесең», – деген орынды сындарды қабылдаймын. Ал орынсыз пікір жазғандарға мән бермеймін. Қайраттың арқасында шықтың дейді. Әрине, Қайраттың арқасы. Ол ел алдында жүрген азамат. Елдің сүйікті әншісі болғандықтан мен де бұл жерде көзге түспей қалған жоқпын. Бірақ менің мамандығым бар. Мен білімсіз болсам, ішімде жатқан қабілетімді шығара алмас едім. Егер мен бұл жұмысты алып кете алмасам түсінер едім. Бұрын-соңды ол салада тәжірибе болған жоқ. Бірақ мен тырысып жатырмын. Маған жағымсыз пікір жазғандарды ерінбей қараймын. Менің аккаунтым ашық болғандықтан, жаман пікір қалдыратын оқырмандардың көбісі маған жазылмаған болып шығады. Арнайы кіріп, пікірін тастап кетеді», – дейді Жұлдыз.

Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізушілікке күйеуі Қайраттың арқасында келгенін мойындады

Алғашқыда актриса, кейін тележүргізушілік қырын танытқан Жұлдыздың алдағы уақытта телевизия саласын жалғастыруы екіталай. Отбасын бірінші орынға қоятын бикеш, келер жылы мансабымен қоштасса, таң қалмаңыз!

«Келесі жылға жоспар әлі құрған жоқпын. Себебі келесі жылы өзіміздің отбасылық жоспарларымыз бар. Ары қарай телевизияда жұмыс істеймін бе, диктор әлде тележүргізуші болатыным, кім болып жұмыс істейтінім белгісіз болып тұр. Бұл Қайратпен ақылдасатын, отбасымызбен ақылдасатын шаруа. Егер ұсыныс түсіп, ары қарай жалғасатын болса, міндетті түрде жолдасыммен келісемін. Қайрат шешеді. Егер қазір жалғастырамын деп, кейін отбасым қарсы болса әрине бас тартуға тура келеді», – дейді Қайрат Нұртастың жұбайы.

Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізушілікке күйеуі Қайраттың арқасында келгенін мойындады

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың қыздары Алматыда «Нағыз еркек» атты концертке қатыстырмаған әнші әкесіне ренішін білдіргені туралы да жазған болатынбыз.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...