Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктілігіне қарамастан: ШҚО-да әкімдіктің бөлім басшысы дәретханада ауылдас әйелмен төбелесіп қалған

ШҚО-ның Күршім ауданында әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы ауылдасымен төбелесіп қалған. Оқиға әкімшілік ғимараттың дәретханасында орын алыпты.

Жүктілігіне қарамастан: ШҚО әкімдігінде бөлім басшысы дәретханада ауылдас әйелмен төбелесіп қалған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yk.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Төбелеске қатысқан екі әйел де полицияға жүгінгеннен кейін, оқиға туралы белгілі болған. Сараптама нәтижесінде аудан тұрғынының басы мен мойны қансырап тұрғаны және тырнақ іздері байқалыпты. Алайда шенеунік ауылдасының өзіне бірінші болып тап беріп, буындырғанын айтады. 

Артынша ауылдасы әкімдік қызметкерін сотқа берген. Алайда медиатордың көмегімен дау-дамайды тоқтату мүмкін болды. 

Мұнан кейін аталған жағдай әдеп жөніндегі кеңесте талқыланды. Десе де сол күні не болғанын анықтау мүмкін болмады. Себебі екі әйел де өзінің кінәсіз екенін айтып, бір-бірін айыптаған. 

Кеңес мүшелері әкімдік қызметкері кез келген жағдайда даудың алдын алып, қол жұмсауға жол бермеуі керек деген қорытындыға келді. Сонымен қатар олардың арасындағы жанжал мемлекеттік органның ғимаратында орын алған. 

Әдеп жөніндегі кеңестік төрағасы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жанна Қабдолқызы аталған оқиға бүкіл облыстың беделіне дақ түсіргенін айтты. 

Кеңес барысында әкімге тәртіп бұзған қызметкерді қызметінен босатуға кеңес берілді. Алайда ол жүкті болғандықтан, қызметі маман деңгейіне дейін төмендеді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр